Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3676 0 пікір 25 Шілде, 2016 сағат 13:55

Наманганда ИМ-ге қосылмақ болды деген жеті адам сотталды

Өзбекстанда Наманган облыстық соты жеті адамды Сирияға экстремистік ұйымдар қатарында соғыспақ болды деп жеті адамды 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандықтарынан айырды.

Сотталғандардың жетекшісі болған өзбекстандық Мамаюсуф Махмудовқа Ресейде жұмыс істеп жүрген кезде «Одноклассники» әлеуметтік желісі арқылы «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік ұйымы өкілдерімен танысып, олардың құрамына кіруге әрекет жасаған деген айып тағылды.

Наманган облысы құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзіне сәйкес, Мамаюсуф Махмудов 9 жылға бас бостандығынан айырылған. Ал топтың қалған мүшелері 5 жылдан 8 жылға дейін сотталған.

Олар Ресейден Өзбекстанға оралып, Сирияға кетпек болған кезде ұсталған делінеді. Тергеу ісі бойынша, қауіпсіздік қызметі оларды «Одноклассники» желісі арқылы хат алмасуларын бақылап, Наманганға келісімен ұстаған.

«Интерфакс» агенттігі Наманган облыстық прокуратурасына сілтеме жасап, олар өздерін «жиһадшылар» деп атайтынын жазған. «Олар үнемі жиналып, радикалды діни адамдардың жиһад жасаңдар деген үндеулерін тыңдап келген», – делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1025
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2572
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 715
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 678