Жексенбі, 24 Қараша 2024
ШОЛУ 4660 0 пікір 25 Шілде, 2016 сағат 11:02

328 ОТБАСЫ ЖӘНЕ «СИҚЫРЛЫ» ЖУРНАЛ

Елдегі орыс баспасөзі (орыс тілді деп БАҚ деп сипатталады) Алматыда жалғыз адам жасаған қарулы шабуылды жарыса жазды. Қазір баспасөзде ақпараттық қауіпсіздік және шетін оқиға кезінде ақпарат тарату/алу мәселесі қызу талқыланып жатыр. Оның үстіне Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов жалған ақпарат таратқан журналисттер мен блогерлер жауап тартылады деді. Сөйтіп, ақпараттық кеңістікте БАҚ пен билік арасында әдеттегідей бірін-бірі кінәлау, айыптыны іздеу сияқты жағдай қайта орын алғандай...

Сонымен:

RATEL.KZ: «Жер көлемі жағынан әлемде 9 орында, жер қойнауында байлығы жағынан Менделеев таблицасы түгел табылатын, халқының саны кейбір елдердегі кішігірім қаланың тұрғындарымен шамалас Қазақстан неге әлі күнге кедейлікпен күресіп келеді?» Осындай сауал тастаған Ермек Тұрсынов «Олар - мемлекет» (Государство – это они) мақаласында жоғарыдағы сұрағына «Бұл жерде бас қатырудың қажеті жоқ шығар: біз кездейсоқ адамдар басқаратын елде өмір сүреміз» деп жауап береді. Әрі қарай билік пен халықтың арасындағы саяси-экономикалық жағдай өз ойын айтады.

RADIOTOCHKA.KZ: «Оқиға туралы қандайда бір ресми ақпарат беру үшін мемлекеттік жүйеге үш сағат уақыт қажет болды». «Алматыдағы атыс: Биліктің кезекті ақпараттық сәтсіздігі» (Перестрелка в Алматы: очередной информационный провал власти) атты талдау материалда журналист Марина Михтаева атыс кезіндегі ресми ақпараттың кеш шыққанына тоқталады. Сондай-ақ, мақалада Владимир Рерихтің де оқиға кезіндегі ақпараттық жағдайға қатысты пікірі берілген. «Күштік құрылымдарға сұрағым көп. Түсінбеймін, күзетте тұрған полицейден қалай автоматын тартып алуға болады?  Полицияның райондық бөлімшесінде  полицейлер жүргенде күзетте тұрған полицейді екі рет атып, автоматын алып кетуге болады? Бұл қалай болу мүмкін? Мұны да түсіне алмадым» деп Рерих көкейіндегі сауалдарын айтады.

Алайда, дәл осы материалда айтылған оқиға кезіндегі ресми ақпарат таратудың кешеуілдеуіне байланысты ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев өзінің facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында: "Алайда, журналист материалда жазылғандай ресми ақпарат 3 сағаттан кейін емес, одан ерте (12:28) қалалық ІІБ тұрғындарды антитеррорлық операциялар жүріп жатқанын үйден шықпауға, адам көп жиналған жерлерге бармау туралы мәлімет таратқанын айтпаған. Ал, 15 минуттан кейін қызыл деңгей енгізілді" деп мақалада көрсетілген мәселелерге нақты тоқталып, ресми жауап қатқан.

NEWTIMES.KZ: «Шененуніктер 328 отбасының Астана маңынан алған жерлерін тартып алмақшы » (Землю в поселке под Астаной пытаются отнять чиновники у 328 семей) – «Сұлушаш Әбдікерімованың отбасы Астанада жатақхананың бір бөлмесін жалдап тұрады. Бұл отбасы үй мәселесін шешу үшін банктен 5 жылға 2 миллион теңге алып, Астанадан 20 шақырым жердегі Тайтөбе деген жерден он соттық жер сатып алады. Енді прокурорлар жергілікті әкімшілік жерді заңсыз бөлген депті. Жұрт жерінен айырылғысы келмейді». Материалда Қазақстандағы жиі кездесетін әрі көптеген отбасылардың басты мәселесіне айналған жеке үй салуға арналған жер мәселесі көтеріледі. «Бізге әлдебір журнал бар дейді. Ол журналда бұл жер туралы жазылмаған дейді. Бірақ, бұл құпия журналды ешкім көрмеген». Тап осы «сиқырлы» журналда жазылмаған жерден жер алған 328 отбасы әділдік іздеп, Астанадағы құзырлы орындардың табалдығын тоздырып жүр.

Шолу жасаған - Нұра Матай

abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588