Жексенбі, 24 Қараша 2024
Рух 5696 0 пікір 23 Шілде, 2016 сағат 19:02

МҰСТАФАНЫҢ ЖОЛЫМЕН...

Шығыс жекпе-жегі - таэквондо өнерін қазақ еліне алып келген қабылан ұл Мұстафа Өзтүрік еді. Қазір Қазақстанда Мұстафа мектебі қалыптасып, талай тарлан жігіттер осы мектептен шығып жатыр деп бек сенімді түрде айта аламыз. Жігіттер ғана емес, Мұстафа мектебінен қыздарымыз да тәлім алып, шыңдалу үстінде. Мұстафа Өзтүріктей ағалары жол салып берген соң ба, таэквондаға деген Алаш баласының қызығушылығы алабөтен. Міне, Рио олимпиадасында қазақ елінің Туын ұстап баратын оғланнның есімі де белгілі болды.  Ол - таэквондашы Руслан Жапаров.  Русланмен бірге Айнұр Есбергенова мен Жансел  Дениз де Шығыс жекпе-жегі бойынша өтетін ойында ел намысы үшін бәсекеге түспек. "Қыздар арасындағы бәсекеде сынға түсетін қызылордалық 18 жастағы Айнұр Есбергенова - жас та болса біраз биіктерді бағындырып үлгерген талантты спортшылардың бірі" деп жазады Nur.kz сайты (https://www.nur.kz/kk/1199153-turkiyada-tughan-qazaq-qyzy-olimpiadad.html).

Ал, Жансел Дениз  (суретте)... бұл спортшының есімі  еліміздегі спорт жанкүйерлеріне аса таныс емес деуге болады. Себебі, Жансел - Түркияда дүниеге келген қазақ қызы.  

Жансел Дениз 25 жаста (26/08/1991), Түркиядағы қазақ отбасында туған. Ірі жеңістері болмаса да түрлі халықаралық жарыстардың жүлдегері. 2013 жылы Ресейдің Челябинск қаласында өткен Ашық турнирдің жеңімпазы, Еуропа чемпионы. Түркияның сегіз дүркін чемпионы, Austrian Open турнирінің екі мәрте күміс және қола жүлдесін еншілеген, Russian Open жеңімпазы, Dutch Open мен Trelleborg Open жарыстарының қола жүлде иесі, Ukraine Open және Moldova Open турнирлерінің екі мәрте күміс медалін олжалаған.

Ол Олимпиадаға дейін +67, +73 салмақтарда сынға түсіп келген. Жансел - Түркия қазақтары арасында  Мұстафа Өзтүрік бастаған таэквондо жолын жалғастырушылардың бірі. 2014 жылдың соңында Қазақстан азаматтығын алған Жансел Дениз Олимпиадада +67 келі салмақта өнер көрсетеді.

 Ол Рио олимпиадасына жолдаманы Филиппин елінің Манила қаласында өткен Азия құрлығы бойынша іріктеу турнирінде жеңіп алған болатын.

«Алғашқы қатысқалы отырған Олимпиадамда алғаш рет қазақ елінің туын желбіретіп шыққалы тұрмын. Өзге елде тусам да, өз елім атынан Олимпиадаға бару мен үшін ең үлкен қуаныш. Ендігі мақсат - ұлт намысын ұятқа қалдырмау. Қазір осы мақсатқа жету үшін барынша тер төгіп жаттығып жатырмын. Арманым Риода жеңіс тұғырынан көрініп, ел үмітін ақтау», - деді Жансел 

Мұстафа жолын жалғастыруға тәуекел еткен қарындасымызыға сәттілік серік болсын!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588