Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5315 0 пікір 30 Маусым, 2010 сағат 06:06

Қазақстан жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру кезінде компанияларға талаптарды күшейтеді - Назарбаев

Астана. 30 маусым. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева. Қазақстан жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру кезінде компанияларға талаптарды күшейтеді, деп мәлім етті Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

«Жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру кезінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды шикізатпен қамту және жаңа индустриалды жобаларды қолдау үшін қарқынды индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының барлық критерийлері орындалуға тиіс», - деді Н. Назарбаев сәрсенбі күні минералдық ресурстар және металлургия бойынша тұңғыш қазақстандық конгресте сөз сөйлеген кезде.

Келісімшарт бойынша міндеттемелерді қатайту компаниялар қызметтерінің бүкіл аспектілерін қамтитын болады. «Бұл - технологиялар, қазақстандық мазмұн, экология және т.б.», - деді мемлекет басшысы.

Н. Назарбаев «инвесторлар технологиялар трансферті, инвестициялық міндеттемелер, қазақстандық мазмұнды арттыру, экологиялық талаптарды орындау бойынша келісімшарттарда көрсетілген міндеттемелерді орындамағандықтан», кен орындарын игеру құқығын беруге мораторий енгізгенін жеткізді.

Бұрын хабарланғандай Н. Назарбаев қарқынды-индустриалды инновациялық даму (ҚИИД) бағдарламасы шеңберінде қызығушылық тудыратын кен орындарын игеру құқықтарын беруге мораторийді 2008 жылы енгізген болатын.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036