Жексенбі, 24 Қараша 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 5248 0 пікір 23 Шілде, 2016 сағат 15:21

ЖЕР РЕФОРМАСЫНА АТЫРАУ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАЙ АЛМАЙДЫ

Бүгінгі күнге дейін атыраулықтардан жер реформасына қатысты 27 ұсыныс-пікірлер келіп түсті. Бұл туралы бүгін Атырауда өтіп жатқан Жер реформасы бойынша республикалық комиссияның кезекті отырысында мәлім болды.

Атырау облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы М. Өтешевтің айтуынша, жергілікті халық жеке тұрғын үй құрылысына жер бөлу, шетелдіктерге ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатуға және жалға беруге тыйым салу, жерді жалға берудің бұрынғы 10 жылдық нормасын қалдыру, жер учаскелерін тиімді пайдаланғандарға өз жерлерін жекеменшікке сатып алу мүмкіндіктерін қарастыру, жерге бақылауды күшейту сияқты мәселелер төңірегінде өз ұсыныс-пікірлерін білдірген.

«Бүгінге дейін қоғамдық кеңеске тұрғындардан 27 ұсыныс-пікірлер келіп түсті. Қоғамдық кеңес мүшелері жер реформасы мәселелерін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша құрылған 29 топтың құрамына енгізілді (облыстық – 4, қалалық – 4, аудандар - 21). Топ мүшелері мекемелер мен ұйымдарда 131 кездесу өткізіп, соның барысында 171 мәселе талқыланды. Ең бастысы, қазіргі кезде қоғамдық кеңестер Жер реформасы бойынша республикалық комиссиямен өзара тиімді іс-әрекеттерді жүзеге асыруда. Мысалы, облыстық деңгейдегі кездесуде кеңеске қатысушылар қоғамдық кеңес хатшылығын халықтың ұсыныстарын жинақтап, республикалық комииссия қарауына жолдайтын ортақ орган ретінде бекітті»,- деді М. Өтешев комиссия отырысында. Ол сондай-ақ облыс әкімдігі жанынан құрылған «Жер реформасы мәселелері бойынша call-орталыққа (27-01-11)» қоңырау шалған атыраулықтар жер реформасына қатысты алуан түрлі сауалдарына жауап алып жатқанын да жеткізді.

Мәселен, бүгінге дейін call-орталыққа 70 адамнан қоңырау түсіпті. Соның ішінде 55-і – жеке тұрғын үй құрылысы мәселесін, 12-сі – жеке мәселесін, 3-уі – жер реформасы бойынша сұраған. Қоңыраулардан байқалғанындай, тұрғындардың басым көпшілігін (78 пайызы) жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін алу мәселесі қызықтырады. Өтешевтің ақпараты бойынша, 2016 жылдың 1 маусымына дейін жеке тұрғын құрылысына жер телімін алу туралы өтініш бергендердің саны 81 551-ді құраған. Соның ішінде, тек Атырау қаласы бойынша 73 мыңға жуық (89 пайызы) арыз тіркелген. - Алайда инфрақұрылым тартылған дайын алаңдардың болмауы салдарынан мұндай өтініштер баяу қанағаттандырылуда, - деп атап өтті М. Өтешев.

Әмірлан Әлімжан  

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588