Жексенбі, 24 Қараша 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 5486 0 пікір 23 Шілде, 2016 сағат 15:06

А.КҮРІШБАЕВ. «ЖЕРДІ ЖАЛҒА БЕРУДІ ЖАЛҒАСТЫРУ КЕРЕК»

Атырауда өтіп жатқан Жер реформасы бойынша республикалық комиссияның отырысында сөз сөйлеген комиссия мүшесі Ақылбек Күрішбаев ауыл шаруашылығындағы жерлерді қазақстандықтарға жалға беруді жалғастыру қажеттігін мәлімдеді.

«Үкімет ұсынған заң жобасында жерді жекеменшікке беруге басымдық берілген. Тіпті, жерді жалға алушылар 49 жылдық мерзім аяқталған соң не жерді сатып алуы керек немесе мемлекетке қайтаруы тиіс. Бұл – болашақта жерді жалға алу мерзімі аяқталған соң жердің бәрі жекеменшікте болады деген сөз. Біз мұнымен келіспейміз. Себебі ауылдық жерлерде тұратын азаматтарды қолдау үшін жерді жалға бергенде жергілікті тұрғындарға, ауыл шаруашылығы білімі бар азаматтарға басымдық беру керек» деді ол.

Ақылбек Қажығұлұлы осы жиында Қазақстанда жерді жалға беру және оны мемлекетке қайтарып алу мәселесі жеке заңнамалық құжат ретінде бекітілмгеніне тоқталды. Ол жерді жалға беру туралы ережені заңнамалық түрде бекітуді ұсынып, оған 5 нақты талапты енгізуді жария етті. Біріншіден, жерді жалға беруді әкімдер емес, халық өкілдерінен құралған жергілікті жердегі комиссия шешуі тиіс. Екіншіден, жерді жалға беру туралы ақпарат халыққа ашық болуы шарт. «Қазіргі кезде мұндай мәліметтерді әкімдердің жанында жүретін адамдар көбірек біледі. Біз жалға беру туралы ақпаратты әртүрлі БАҚ арқылы халыққа 30 күн бұрын таратуды ұсынамыз. Яғни, қарапайым халық қай жерде қанша жер аумағы жалға берілетіні туралы ашық хабардар болуы керек» деді А. Күрішбаев.

Жалпы алғанда республикалық комиссия осы кезге дейін тиімді, сапалы жұмыс істегенін көрсете білді. Оған еліміздің әр аймағындағы тұрғындардың берген бағасы дәлел. Мысалы, Атырауда өтетін жиынға дейін облыс әкімдігі жанынан ашылған cal-lорталыққа халықтан 100 қоңырау түсіпті. Соның ішінде 65-і – жеке тұрғын үй құрылысына жер бөлу, 20-сы – ауыл шаруашылығы жерлері мәселесі, 16-сы – жер реформасы бойынша сауалдар. Демек әрбір қазақстандықтың жер реформасына қатысты мәселеге үн қосуы – аталған комиссияның жұмысының ашықтығының, қолжетімділігінің, жұмысының тиімділігінің көрсеткіші.

Әмірлан Әлімжан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588