Сенбі, 17 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3907 0 пікір 22 Шілде, 2016 сағат 10:16

Ақтөбе аэродромына әскери ұшақтар қонып жатыр

Ақтөбе билігі жергілікті аэродромға әскери ұшақтар келіп қона бастағанын тұрғындарға ескертті.

Жүк және әскери авиацияның Ақтөбе қаласындағы аэропорт арқылы транзиті 20-26 шілде аралығын қамтиды, делінген «Ақтөбе ақпарат» хабарламасында. Ақтөбеге уақытша тұрақтаған бұл ұшақтар Ресейге әскери шараға қатысуға бара жатыр.

Талғат Бигелдинов атындағы әуе күштері институты басшысының айтуынша, Қазақстан қарулы күштерінің көлік және әскери авиациясы Ресейде «АрМИ-2016» халықаралық әскери ойындарына қатысады.

Хабарларға қарағанда, әскери ұшақтардың қалаға қонуы туралы мәлімет Ақтөбе тұрғындары арасында жалған ақпарат тарамас үшін берілді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2684
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4396