Жұма, 16 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3119 0 пікір 21 Шілде, 2016 сағат 10:34

Қазақстанға қажылыққа үш мың квота бөлінді

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз қажылық конкурсының іріктеуінен өткен компания басшыларымен өткен жиналыста айтты.

Басқосу барысында наиб мүфти Серікбай қажы Ораз ҚМДБ қажылық бөлімінің жаңа басышысы Бейбіт Мырзагелдиевпен таныстырып, биылғы қажылық маусымында атқарылатын жұмыстарға тоқталып өтті.

«Биыл Қазақстанға қажылыққа үш мың квота бөлінді. Қажылық қызметі елімізде жылдан жылға жолға қойылып келе жатыр. Қызмет көрсету сапасы да артуда. Биылда еліміздің қажыларына Flynas әуекомпаниясы толықтай қызмет көрсетеді. Қажылар Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан тікелей рейс арқылы ұшатын болады», – деді Серікбай қажы Ораз.

Жиында турфирмалардың сапар барысында қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері талқыланып, бірнеше талаптар қойылды. Сондай-ақ,  Бейбіт Мырзагелдиев миссия жұмысы туралы мәлімет беріп, алдағы жұмыс жоспары жайлы мәлімдеді.

ҚМДБ баспасөз қызметі

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2671
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4364