Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2786 0 пікір 19 Шілде, 2016 сағат 09:28

Ереванда дағдарысты күшпен шешуге қарсы акция өтіп жатыр

Армения билігі төрт полиция қызметкерін кепілге алған оппозиция өкілдерімен келіссөз жүргізуді жалғастыруда. Бұл күндері Ереванның Бостандық алаңында полиция ғимаратын басып алғандарға қарсы күш қолданбауды сұраған адамдар акция өткізіп жатыр.

"Құрылтай парламенті" оппозициялық қозғалысының жетекшілері төрт полицейді кепілдікке алып, өздерінің лидерлері Жирайр Сефилянды босатуды талап етеді. Ол қару-жарақты заңсыз сақтады деген айыппен түрмеде отыр. Әріптестері болса, оны саяси тұтқын деп есептейді.

Азаттықтың Армения қызметінің хабарлауынша, алаңға шыққан демонстранттар лидерлерін босатудан өзге, алаңға шыққан белсенділерге күш қолданған полиция қызметкерлеріне қарсы іс қозғап, ал ұсталған белсенділерді босатуды талап етеді.

Армения полициясы төрағасының орынбасары Унан Погосян жиналғандарға, ұсталған белсенділердің бәрі тергеу ісінен кейін босатылады деп уәде берді. Ол ғимаратты басып алушылармен келіссөз жалғасып жатқанын, кепілде отырған тоғыз адамның бесеуі босап шыққанын мәлімдеді.

17 шілдеде Ереванның Эребуни ауданында орналасқан полиция ғимаратын оппозиция өкілдері басып алды. Бір полиция қызметкері қаза тауып, төртеуі жараланды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3269
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5652