Жұма, 16 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3634 0 пікір 18 Шілде, 2016 сағат 18:56

Елбасы Алматыда болған атысты теракт деп атады

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің жиынында бүгін Алматыда болған атысты теракт деп атады, - деп хабарлайды Абай-ақпарат

Қазақстан Президенті қаза болғандар мен зардап шеккендердің туыстарына көңіл айтып, мемлекеттік органдарға оларға қажетті көмек көрсетуді тапсырды. 

"Бүгін Алматыда террористік акт болды, өкінішке қарай, адамдар қаза тапты. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің туыстарына көңіл айтамын, оларға сәйкес психологиялық және материалдық қолдау көрсетілуі керек. Құқық қорғау органдарына қалада тәртіпті сақтау бойынша қажетті шаралар жүргізуді тапсырамын", - деді Мемлекет басшысы.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2665
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4344