Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3856 0 пікір 18 Шілде, 2016 сағат 14:58

ҚР ІІМ-нің ресми мәліметі

ҚР ІІМ-нің баспасөз орталығы БАҚ үшін ресми ақпарат бере бастады. Ресми органның таратып отырған ақпаратында Алматы қаласында болып жатқан төтенше оқиға барысы баяндалады.

18 шілде күні сағат күндізгі 11-де Алматы қаласындағы Алмалы аудандық ішікі істер департаментінің ғимаратына шабуыл жасалып, күзеттегі полиция қызметкеріне оқ атқан күдікті ішкі істер қызметкерінің автоматын алып, бой жасырып кеткен.

Қылмыскерді жедел іздестіру шарасын қолға алған «Боран» полиция экипажының екі қызметкері оқ тиіп жараланған. Күдікті «Қазақконцерт» АҚ-ның ауданында қолға түсті. Бұл жерде де қарулы қақтығыс болып, екі полиция қызметкері жарақаттанды.

Өкінішке қарай, тағы бір қылмыскер көшедегі жеңіл көлікті тоқтатып, көлік иесін өлтірген. Қылымскермен бетпе-бет келген  үш полиция қызметкері сол жерде жан тапсырған.

Қолға түскен күдікті 27 жаста. Бұрын сотталып, істі болған Қызылорда облысының тумасы. Ол өткен аптада бір әйелді өлтірді деген күдікке ілінген адам.

Қалада қылмыскердің сыбайласын құрықтау үшін полиция жасағаның «Сирена» атты шұғыл тобы құрылып, жұмыс жасауда.

Абай-ақпарат                                                     

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2068
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4939
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4140