Жексенбі, 24 Қараша 2024
Деп жатыр 3906 0 пікір 18 Шілде, 2016 сағат 10:15

МӘСІМОВ МОҢҒОЛИЯДА ҒАНА ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙ МЕ?

Мәсімов мырза Моңғолияға 15 шілде күні өткен Европа және Азия елдері саммитіне қатысу үшін барған болатын. Барып қана қоймады. Баян Өлгей жұртын жарылқап қайтты. Хош, құп! Баян-Өлгейде су тасқынынан зардап шеккендерге мемлекет атынан көмек көрсетілетінін мәлімдеді. Қазақстан премьер-министрінің мұнысына жергілікті жұртшылық риза болып, астына ат мінгізді, үстіне шапан жапты. 


Егемендіктің 25 жылында биліктің биік мінберлерінде бөтен тілде сөйлеп келген Кәрім Қажымқанұлы Моңғолияға барғанда қазақ тілінде сөйледі. Тілі күрмеліп, "шатып-пұтты" деп сөкпеңіздер, премьеріміз Өлгей жұртшылығына өз тілімізде үн қатты.

Ақорда айналасындағы шүрегей тілді шенеуніктердің мемлекеттік тілімізде сөйлегені ішімізді жылытқаны тағы рас. Осыдан сәл ертеректе Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымы мінберінде қазақ тілінде баяндама жасаған еді. Бұл премьерге "премьер" болған сыңайлы.

Жә, онан соң Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов өзінің "Инстаграмм" желісіндегі жеке парақшасында Ұлан батырдағы саммит қарсаңында таңғы жүгіруге қатысқан видеосын жариялады. Премьер-министр Кәрім Қажымқанұлының мұндай спорттық белсенділігін осыдан әл ертеректе байқаған едік.  26 маусымда Астана күні қарсаңында Елордада “Астана Дуатлон-2016” жарысы өтіп, оған үлкен "минкаб" қатысқан-тын. Енді Мәсімов мырза "үлгі" болып, "минкаб" мемлекеттік тілде сөйлеп кетсе, ғажап!

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5680