Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2969 0 пікір 18 Шілде, 2016 сағат 08:17

ОҚО-да «Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 25 игі іс» шарасы бастау алды

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында «Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 25 игі іс» шарасы бастау алды. Өңір басшысы Б.Атамқұловтың бастамасымен өтіп жатқан бастау алған бұл игі түрлі айлық шараларымен ұйымдастырылуда.

Атап айтқанда, «Дені саудың жаны сау», «Әлеуметтік қолдау», «Отбасын қолдау», «Бірлігі жарасқан Тәуелсіз Қазақстан!» және «Игі іс жасауға асық» атты бес түрлі айлық шаралары кезінде барлық салалар бойынша желтоқсан айына дейін игі істер ұйымдастырылып, өткізілетін болады. 

Мақсаты – еліміздің ширек ғасырдағы Тәуелсіздік жылдарында еңсе тіктеп, азат елге айналған халқымыздың қуанышына ортақтасып, әрбір қазақстандықтың мерекені сезінуіне атсалысу болып табылады. 
Осыған байланысты, бүгін «Дені саудың – жаны сау» айлық шарасы өтіп, «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Шара облыстағы барлық медицина ұйымдарында - облыстық, қалалық, аудандық, жалпы саны 120 емдеу мекемелерінде өтіп, «ашық есікке» келген 7 мыңға жуық тұрғын артериялық қан қысымын өлшеу, қан құрамындағы глюкоза деңгейін, холестеринді, артық дене салмағын (Кетле индексі арқылы) анықтау, көз және тіс аурулары, онкологиялық аурулар сынды дерт түрлері бойынша 30 түрлі тексеру мен кеңес алудан тегін өтті. 

Жалпы, еліміз егемендік алған ширек ғасырда медицина саласы бірталай жетістіктерді бағындырды. Тарқатып айтсақ, денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасы жаңарып, медицина ұйымдарының жабдықталуы 25,3 пайыздан 65,35 пайызға дейін өсті. Осы жылдар ішінде 347 жаңа нысандар салынып, облыстық деңгейдегі наркологиялық аурухана, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, кардиологиялық орталық, облыстық балаларды оңалту орталығы, «Мейірім» оңалту орталығы, «Ана мен бала» оңалту орталықтары ашылды. Ал «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында облыстық қан орталығы, Шымкенттегі № 3 емхана, Шымкент және Түркістан қалаларында 2 балалар аурухана мен Төлеби ауданында Ленгір қалалық ауруханасы емханасымен салынып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Тәуелсіздік алған 25 жылда облыс халқының жалпы өлім-жітім көрсеткіші 6,9-дан 5,5 дейін төмендесе, ана өлімі 7 есеге, нәрестелер өлім-жітімі 3 есеге дейін азайған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1501
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3272
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5691