Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 7037 1 пікір 18 Шілде, 2016 сағат 08:11

«Қазақ үні» ұлттық порталына шабуыл жасалуда

“Қазақ үні” ұлттық порталына екі күннен бері техникалық зиян келтіріп, тұсаулау шабуылы жасалуда. Бұл туралы qazaquni.kz  сайты хабарлайды.

“Қазақ үні” ұлттық порталының рейтингі бір күннің ішінде алдыңғы қатардағы 35-40-шы орындардан 300-ші орынға  бір-ақ түсті. Порталдың техникалық жұмысын қадағалайтын арнайы программистер тобының жұмысы нәтижесінде сайт серверіне шабуыл жасалғаны анықталды. Яғни, сайттың  IP адресі бұғатталып, xостинг тарапынан шектеулер болып, санақ сайттар “Қазақ үнін” санаққа алмай жатыр… 

 Соның нәтижесінде сайттың жұмыс істеу жылдамдығы азайып, рейтингтері күрт төмендеп, кейбір өтімді мақалалар ашылмай қалуда. Сайттар 300 оқырманнан артық қолданушыларды қабылдай алмайды.  Qazaquni.kz редакциясына хабарласқан оқырмандар сайтқа кіру қиындық туғызып жатқанын хабарлауда.  Осылай еліміздегі беделді қазақтілді интернет басылымдарға серверлік шабуылдар жасалу жалғасуда.

Бұл шабуылдардың артында кім тұрғаны, өкінішке орай, белгісіз. Бір анығы – қазақтілді басылымдарға шабуыл жасаушылар  Тәуелсіз Қазақ елінің Ұлттық  мүддесіне қарсы топтар екені айқын…

Абай-ақпарат

 

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1501
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3273
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5691