Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3584 0 пікір 15 Шілде, 2016 сағат 10:25

Шахрисабз мұрасы қирағалы тұр

ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар комитеті Өзбекстанның Қашқадария облысындағы құрып кетуі қаупі алдында тұрған тарихи Шахрисабз қаласының тарихи орталығын Дүниежүзілік мұра нысандары тізіміне енгізді. Комитеттің 10 шілдеде Стамбул қаласында басталған 40-сессиясында осындай шешім қабылданды.

Шахрисабз қаласының өзі ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра нысандары тізіміне 2000 жылы енгізілген еді. Мұнда теңдессіз сәулет ескерткіштері мен ежелгі махаллалар сол қалпы сақталған, олар қаланың 2000 жылдан астам тарихынан сыр шертеді. Ескерткіштер мен махаллалар Әмір Темір дәуірі мен XIV—XV ғасырларда билік құрған Темір әулеті заманында, қала гүлденген кезде салынған.

Дүниежүзілік мұра тізімі адамзат баласына құнды деп танылған, құрып кету қаупі төнген тарихи ескерткіштерді сақтап қалу мақсатын көздейді. Қазіргі таңда тізімге 49 нысан енгізілді.

Комитеттің 13 шілдедегі отырысында Шахрисабзды сақтап қалу мәселесі талқыланды. Комитет ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра орталығы мен Ескерткіштер және тарихи орындарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңеске (ИКОМОС) Шахрисабздың жағдайын бағалау үшін Өзбекстанға бірлескен миссия жолдауды тапсырды.

Өзбекстан билігі биыл қыркүйекте Шахрисабзда Әмір Темірдің 680 жылдық мерейтойын өткізуді көздеп отыр. Әйгілі билеушінің балалық шағы осы қалада өткен. Мерекелік шара қарсаңында, мұнда Әмір Темір атындағы зәулім мешіттің құрылысы жүріп жатыр.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1502
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3273
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5700