МӘСІМОВ МОҢҒОЛИЯДА ҚАЗАҚША СӨЙЛЕДІ... (ФОТО/ВИДЕО)
Мұңғұлияның Баян Өлгей аймағында 11 шілдеде қатты нөсер жауып, сел жүріп соның кесірінен ондаған отбасы зардап шеккен. Әртүрлі бейресми деректерге қарағанда, жүзге жуық үйде сел шайып, адам шығыны да болған. Төтенше жағдайдан соң, әлеуметтік желіде алыстағы ағайынға жылу жинау шарасы басталды. Іле Қазақстан Үкіметі де Баян Өлгейдегі селдің зардабын тартқан ағайынға көмек берілетінін хабарланған. Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Мұңғұлия астанасы – Улаанбатаарда өтетін «Азия-Еуропа» саммитіне бара жатқан жол Баян Өлгейге аялдап, осы аймақта қоныстанған қазақ жұртымен жүздесті. Аймақтағы орталық алаңда халықпен кездескен Мәсімов мемлекеттік тілде – қазақ тілінде сөз сөйлеген.