Жексенбі, 24 Қараша 2024
Қоғам 9434 0 пікір 14 Шілде, 2016 сағат 11:47

БИЛІКТІҢ ҚАЗАҚҚА ТҰҢҒЫШ ҚОЛ КӨТЕРГЕНІНЕ - 10 ЖЫЛ

(Cурет Азаттық радиосының сайтынан алынды)

2006 жылдың 14-ші шілдесі. Қазақ билігі қалаға қоныстанған қазаққа тұңғыш рет қол көтерген күн! Алматының іргесіндегі «Шаңырақ» ықшам ауданындағы бос жерге өз еріктерімен қоныс тепкен қазақтың мәселесін шеше алмаған қалалық билік жұдырыққа жүгініп, өз жерінде, бейбіт жатқан қазақты жау шапқандай қылып, жылы ұясын талқандап, сол бір бас жарылып, қол сынған оқиғаға Арон Атабек бастаған бір топ азаматты кінәлі деп тауып, алдын 18 жылға соңын 14 жылға соттап жіберген болатын.

Содан бері, міне, 10 жыл өтті. Арагідік тәуелсіз БАҚ-ы ғана тар есік, тар босаға қапаста жатқан, шаңырағын қорғағаны үшін істі болып сотталып кете барған азаматтардың абақтыдағы халінен қалың жұртты хабардар етіп келеді. Көбі ол кезді ұмытты.

Таңғы 4-тер шамасында шағын ауданға мұздай қаруланған жасақ жақындап келе жатты. Қолда барын қалқан еткен халықтың шарасыздығы сондай, бiрi жұдырықтай тастарды үйiп, ендi бiрi газ баллондарын да­йындап, ендi бiрi бөтелкеге бензин құйып әбiгерге түсiп жатты. Өз жұр­ты­ның шаңырағын қиратуға шiмiрiк­пеген қалың нөпiр таяған сайын, жанұшырған тұрғындар өз елiнде өгей екенiне ашынды. Жәрдем тiлеп жаутаңдаған үкiметi мен жергiлiктi бас­қару органдары қарулы топты жi­бердi. 

Қоғам қайраткерлерi мен саясаткер азаматтар халыққа басу айтып, келiссөз жүргiзуге күш жұмсады. Алай­да ымыраға келiп, керi шегiнген тұрғындарды тарпа бас салған қарулы топ онсыз да кемерiне жеткен ызаны қайнатып жiберген. Жоғарыдан түскен бiр ауыз бұйрықтан соң жұртқа лап қойған полицейлердi аяқ астында тапталған ақ жаулықты ана да, шыр­қырай жылаған бала да тоқтата алмады. Қолдарына түскен затымен қорғанып, бас сауғалаған шаңырақтықтарды қандастары, қазақтың балалары соққының астына алып жатты. Өлiм мен өмiрдiң ортасында арпалысқан жұрттың өз баласы жағасына жармасып, жон арқасын өз баласының таяғы осып, тiлдi. Несiбесiнен қағылып, қаң­ғыған халықты билiктiң жандайшаптары аямады. Баласы мен анасы аңыраған қырғында бiр полицей жұрт­тың қолына түседi. Жарақаттанған оны шаңырақтықтар өз үйiне кiргiзiп алады. “Кепiлге алынған құқық қорғаушыны құтқару” операциясын бастап, соны сылтау етiп екiншi рет шабуыл жасауға бұйрық берiледi. Халыққа араша түскен, Алматыдан келген адамдардың көмегiмен әлгi “кепiл­дiкке алынған” жедел әрекет ету арнайы отряды жауынгерiнiң киiмiн киген Әнес Естемесов аман-есен босатылады. Погон таққандар “Бас көтеру­шiлер” адамымызды босатса, шабуыл жасалмайды” деген уәдесiнде тұр­май­ды. Сөйтiп екi жақтың бейбiт келiсiмге келуiне жасалған әрекеттiң бәрi зая кеттi. Екiншi рет арқырай ұм­тылған полицейлердiң арыны сұмдық едi. Жолындағының барлығын жапырып, бас-көзге қарамады.
Қырғын қақтығыстың салдарынан 24 жастағы полиция қызметкерi қаза тапты. Осы iске байланысты 25 адам тұтқындалып, төртеуi сотталды. “Шаңырақтағы” оқиғаның басты себеп­ке­рi, халықты үгiттеп бассыздықты ұйым­дастырушы ретiнде Арон Атабек сот үкiмiмен 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар Құр­манғазы Өтегенов, Ерғанат Таран­шиев пен Рүстем Тұяқовтар да 14-16 жыл аралығында түрмеге жабылды. Оларға байланысты сот процесi де қитұрқы саясат пен көптеген заң бұзушылықтарға толы болғанын азаматтық қоғам өкiлдерi әлiге дейiн айтады. 
Abai.kz
0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5676