Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2435 0 пікір 14 Шілде, 2016 сағат 10:25

Криминалмен байланысқан милиция қызметкерлері погондарынан айрылды

Қырғызстан ІІМ мәліметі бойынша, шұғыл әрекет бөлімінің бірқатар қызметкерлері қылмыстық топтармен байланысып, оларға милицияның ұйымдасқан қылмысты ашу мақсатындағы шұғыл іс-әрекеттері туралы ақпараттарды жеткізіп отырған.

Қызметтік тексеріс нәтижесінде, ұйымдасқан қылмыстық топтармен байланысқан деген күдікке ілінгендер ішкі істер министрінің жарлығымен жұмыстан шығарылды. Шу облыстық және Бішкек қалалық милициясының екі қызметкері, сондай-ақ Ыстық-Ата милициясының учаскелік қызметкері жұмыстан босады.

Шу облыстық милициясының жоғары лауазымды екі басшысы қызметтен шеттетілсе, осы мекеменің тағы бір қызметкері сырқатына байланысты демалыстан шыққан соң жұмыстан кетеді.

ІІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Бақыт Сейітовтің айтуынша, бұған дейін құқыққорғау органдарының қызметіне кір келтерушілер туралы айтылып қана келсе, оны дәлелдейтін фактілер 2010 жылдан бері бірінші рет анықталып отыр.

«Қызметтік тексеріс әлі аяқталған жоқ. Жұмыстан шығарылғандарға қылмыстық іс қозғау-қозғамау мәселесі тексеріс біткен соң қабылданады», - деді ол.

Ішкі істер министрі Кашкар Жунушалиев жемқор милиция қызметкерлерін әшкерелеу жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады деп мәлімдеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5671