Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Деп жатыр 4325 0 пікір 14 Шілде, 2016 сағат 08:06

ЖАҚСЫБЕКОВТІҢ "МОНШАСЫ"

Астанада бюджеттің миллиондары жұмсалған мақтаулы аялдамалар жұртты аптап ыстықтан қорғай алмады. Өйткені, жарнамасы жер жарған қымбат павильондарда кондиционер атымен жоқ. Сондықтан қайнаған аялдаманы жолаушылар «монша» деп атап кеткен, - деп хабарлайды КТК арнасы.
Далада +32 градус, ал бұл аялдаманың ішінде сынап бағанасы +35 градусты көрсетіп тұр. Мүлдем ауа жоқ. Қапырық. Сондықтан ыстыққа шыдамай басы айналған адамдар автобусын сыртта күтуге мәжбүр.

Астананың бұрынғы әкімі Әділбек Жақсыбеков мақтаулы нысанда жазда кондиционер болады деп сендірген. Әйтсе де, жоспар аяқ-асты өзгеріп салқындатқыш енді жаңадан тұрғызылатын аялдамаларға орнатылмақшы екен. Бұл шаруа үшін бюджеттен тағы қаржы бөлініп қойған.

Жалпы, жолаушыларды Астананың ақ түтек боранынан қорғайды делінген бұл аялдаманың басынан дау арылмай-ақ қойды. Алғашқы аязға шыдамай есігі сынып, электронды тақтайшасы істен шыққан. Ал мұндай аялдаманың бағасы арзан емес. Шенеуніктер оның әрқайсысына бюджеттің 10 миллион теңгесін жұмсаған. Осы кезде, Ресейдің Краснояр қаласында дәл осындай аялдаманың құны 3 есе арзанға салыныпты.

Шыжыған ыстықтан есі шыққан елордалықтар қазір бала-шағасымен субұрқақ суына шомылып жүр. Осылайша, шақырайған күннің қызуынан әркім өз бетінше қорғанып әлек. Тек қан қысымы бар тұрғындар үйінде қамалып отыруға мәжбүр.  

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2075
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4946
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4155