Жексенбі, 24 Қараша 2024
Қоғам 7483 0 пікір 11 Шілде, 2016 сағат 16:12

ӨЗБЕКСТАН ГҮЛДЕП, ҚАЗАҚСТАН ҚУРАП ТҰР...

ФОТО: RATEL.KZ

Өткенде аптада Қазақстанның БАҚ саласында өзгерістер болды. Атап айтқанда, Дархан Қыдырәлі «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалса, Әсел Төлегенова «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі басшы болып бекітілді. Ал, елдегі орыс баспасөзі Қазақ-Өзбек шекарасындағы ауыл тағдырынан бастап, Ұлттық қордағы салық түсіміне дейінгі аралықтағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік экономикалық мәселелерді қамтыған материалдар жариялады. Сонымен:

RATEL.KZ: «Как выжить в нейтральной зоне» (Бейтарап аумақта қалай өмір сүурге болады?) . Осындай тақырыппен жарияланған материалда сайт тілшісі Динара Бекболаева Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы «Достық» ауылының қазіргі ахуалын жазған. 10 үй тұратын ауылдың тұрғыны Гүлмира Жалдарова: «Шенеуніктер бізді ұмытты. 11 жылда бір адам келіп, біздің халімізді білген емес. Ал, біз мұнда әрең күнелтіп отырмыз» дейді. Ауылда ауыз су жоқ. Тұрғындар судың литрін 2 теңгеден сатып алады. 2005 жылы Қазақсан шекарадағы бейтарап аумақты 100 метрге кеңейткен кезде Өзбекстанның Навои аулының жартысы Қазақстан аумағына кірген. Шекара сымдары жүргізілген соң, Өзбекстан тарапы су мен газды өшірген. Ал, Қазақстан ол жерде 10 үй өмір сүріп жатқанын ұмытып кеткендей. Шекараның арғы беті жап-жасыл (Өзбекстан), ал бергі беті қурап тұр (Қазақстан) деп жазады журналист. 

ZAKON.KZ: «Дос Кушим: Востребованность в государственном языке будет расти день за днем» (Дос Көшім: Мемлекеттік тілге қажеттілік күн сайын өсе береді). Сұхбатта қазақ тілінің мәселелерін көтерген Дос Көшім 27 жылдан бері мемлекеттік тіл үшін нақты ешқандай іс жүргізілмегенін айта келіп, қазақ тіліне деген қажеттілік жасалмайынша, ешқандай бастама, дау-дамай, басқа да шаралар нәтиже бермейтінін айтқан.

«Орыс тілінің жағдай не болады?» деген сауалға Дос Көшім: «Менің ойымша, орыс тілі қазақ тілімен тең дәрежеде әлі 50 жыл жұмыс істейді» дей келе, ақпарат алуда ағылшын тілінің рөлі күшейіп, орыс тілі әлсірейді дейді.

FORBES.KZ:  «Налоговые поступления в Нацфонд сократились в 2016 почти в 2 раза» (Ұлттық қорға түсетін салық түсімі 2016 жылы 2 есеге азайған). Ұлттық қорға түсетін салық түсімі 2014 жылдан бері азайып келеді деп жазады аталған сайт. Биылғы бес айдың түсімі 2014 жылмен салыстырғанда 3,1 есе аз екен. Ұлттық қорға аймақтардан түсетін түсім де азайған.  Атырау - 1,6, Батыс Қазақстан -1,9 Маңғыстау - 1,2 есеге азайған. Атырау облысы  әлі күнге дейін Ұлттық қордың қаржылай кірісінің тең жартысын қамтамасыз етіп отыр екен.

MATRITCA.KZ: «Салафизм - это не наш путь» (Салафизм – бұл біздің жолымыз емес). Саясаттанушы Айдос Сарымның bnews.kz сайтына берген сұхбатын matritca.kz қайта жариялаған. Саясаттанушы бес жыл бұрын Қазақстандағы діни мәселелерді талдай келе, билік нақты шаралар қабылдап, қадамдар жасау керектігін айтқан. Алайда, бес жылдан кейін орын алған лаңкестік оқиғалар биліктің дін мәселесінде терең әрі шешімді әрекеттерге бармағанын көрсетті. 2011 жылдың өзінде-ақ, саясаттанушы салафизмнің қауіпті ағым екенін айтып, дабыл қаққан.

Шолуды жасаған Нұра Матай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5644