Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 4795 0 пікір 11 Шілде, 2016 сағат 11:53

ЖЕР ЖЫЛАП ЖАТЫР...

– Бар байлығым бұйырып

бөтенге, – деп,

Жер жылайды:

– Сатылып кетем бе?! –

деп.

Ер жылайды:

– Қол жинап,

Бас көтерсем,

Баяғыдай атылып

кетем бе?! – деп.

 

Ақталмады...

Ақыры ақталмады!

(Қайран қазақ жанбаған

тақтан бағы)

Бабалардың баяғы

төккен тері,

Аталардың баяғы

аққан қаны.

 

Шекпеніне қарамай,

қалпағына,

Көнбеуші еді ешкімнің

талтаңына.

Ханға сәлем бермейтін

Қайран қазақ

Қалай көніп қалып тұр

қалталыға.

 

Орнағандай бір сұмдық

басқа келіп.

Кірпігімді кілкіген жасқа

көміп...

Талай ғасыр қорғаған

Қара жерді –

Қалай сатып алмақшы

ақша беріп?!

 

Осылайша

Орнаса уайым басқа,

Ақын жігіт бел буды

тайынбасқа!

Салыстырып қарашы,

Ақша мен жер...

Қалай ғана түседі

айырбасқа?!

 

Қиын екен қайтару

Қырын істі,

Қандай ғажап сыры бар

мұның ішкі...

Өзімізді жаратқан

Қара жерден

Көк қағаздың болған ба,

Құны күшті?!

 

Рас болса, түбінде

Шындық бары,

Шырылдамай,

Шыдай тұр,

мұңлықтарым!

Атамекен – туған жер

Сатылмайды –

Тамған жері қазақтың

кіндік қаны.

 

Кіндік қаны қазақтың

Қасиетті

Топырақтан жаралған

асыл – текті.

Бұл жер үшін аналар

жасын төгіп,

Бұл жер үшін бабаның

басы кетті.

 

Қайтем...

Қайтем – кінәлап,

Әз Ғасырды.

Игілікке иемін боз

басымды.

Қайран жерім,

Қамығып жылап жатыр,

Кім сүртеді,

Киелі –

Көз жасыңды.

 

Сансыратса

Саясат дүмшелері,

Ай тұтылып түбінде,

Күн сөнеді...

Бұған дейін сатылып

 келген

Жерді –

«Сатылмайды!» дегенге

кім сенеді!

 

Болғаннан соң,

Биліктің тұсауында.

Жан-жүрегім

Жабығып – құса-мұңға.

Жер – Ананы

Жұбатып,

Әлдилер ем,

Әттең,

Әттең сыймайды

құшағыма.

 

Қайран Елім!

Ерлікпен таныларсың,

Тұрар көкте

Рухың жанып әр күн...

Мәңгілікке

Тамырын терең тартып.

Қара жерде –

Қазақтың тәні қалсын!

...Жер жылап жатыр!

 

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №27 (344) от 07 июля 2016 г. 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5636