Бейсенбі, 15 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3020 0 пікір 11 Шілде, 2016 сағат 11:28

Түркітілдес елдер "лавашты" ортақ мәдени мұра деп есептейді

Аталған елдердің өкілдері ЮНЕСКО-ға «Лаваш, қатырма, жупка, юфка секілді жұқа нандарды әзірлеу мәдениеті» деп аталатын ортақ құжат ұсынды. Онда лаваш бес елде тұратын халықтың ортақ мәдени мұрасы деп жазған.

ЮНЕСКО бұл мәселені 2016 жылдың 28 қараша мен 2 желтоқсан арасында Эфиопияда өтетін жыл сайынғы бейматериалдық мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеттің 11-отырысында талқылайтын болады.

Мұның алдында Армения ЮНЕСКО-ның бейматериалды мәдени мұрасының тізіміне «Лаваш армян наны» деп енгізуді ұсынған. Бірақ Түркия мен Әзербайжанның қарсылығынан кейін Армения құжаттың атын «Армениядағы лаваш» деп өзгерткен.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2614
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4282