Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2957 0 пікір 11 Шілде, 2016 сағат 11:27

Қырғыз депутаты Ресей азаматтығы үшін мандаттан айырылды

Саматовтың Ресей азаматтығынан шыққаны туралы құжатты өзі әкеп тапсырғаны күмән туғызған, өйткені ресейлік құзырлы органдар мұндай құжаттың Саматовқа берілгенін растай алған жоқ.

Орталық сайлау комиссиясының жиналысына қатысқан Жыргалбек Саматов бұл мәліметтерді жоққа шығарып, Ресей азаматтығын ешқашан алмағанын дәлелдеуге тырысты. Жиналыста қарастырылған құжаттарды ол жалған деп атады. Саматовтың уәжіне қарамастан, ОСК оны Жогорку Кенеш депутаты мандатынан айыру туралы шешімін бірауыздан қабылдады.

Жыргалбек Саматов 2015 жылы парламенттің алтыншы шақырылымына сайланған еді. Кейін «Республика-Ата-Жұрт» фракциясы оны Ресей азаматтығын алғаны үшін мандаттан айыруға тырысқан, бірақ Саматов депутаттығын Жоғарғы сот арқылы қайтарып алған болатын.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5614