Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3090 0 пікір 8 Шілде, 2016 сағат 09:03

Столтенберг: НАТО заманның сын-тегеуріндеріне тез әрі батыл жауап беріп келеді

"Әлем жыл өткен сайын қауіпті мекенге айналып барады. НАТО заманның сын-тегеуріндеріне тез әрі батыл жауап беріп келеді. Жұма және сенбі күндері біз ұжымдасып қорғануды, шекарамыздан тыс жерлердегі тұрақтылықты сақтауды және қауіптерді тежеуді әрі қарай жетілдіру үшін маңызды шешімдер қабылдаймыз. Сол шешімдер негізінде осы жерде – Польшада, бұған қоса Эстонияда, Латвия мен Литвада әскер күшейтіледі", - деді НАТО-ның бас хатшысы.

"Бірақ бұның қашан жүзеге асатынын айту әзірге асығыстық болар еді. Менің айтқым келгені, біз ешқашан Ресеймен арадағы саяси диалогты тоқтатқан емеспіз. Одақтастар саяси деңгейде Ресей өкілдерімен кездесіп жүр, біз де Ресей – НАТО Кеңесін Ресеймен саяси диалог жүргізу үшін аса маңызды платформа ретінде қолдана береміз", - деп мәлімдеді ол.

Оның айтуынша, НАТО жауап қайтару күшінің көлеміне қанағат тұтты. "Біз шығыста жаңа штаб-пәтер ашып, баллистикалық зымырандар мен басқа да қауіптерден қорғануға арналған Зымыранға қарсы қорғаныс секілді жетілдірілген күштерді орналастырдық", - деді ол.

Столтенбергтің айтуынша, альянстың шығыс флангына бірнеше ел кіреді және одақтың бір мүшесіне жасалған шабуыл бүкіл одаққа шабуыл жасаумен пара-пар болады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5598