Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Анық 11916 0 пікір 7 Шілде, 2016 сағат 12:06

АЙБЕК ҚАЛИЕВ. ЖЕРДІ САТПА, МЕНІ САТ! (видео)

Кеше, Астана қаласының Конгресс-холл сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына, Астана күніне арналған «Бағаналы ордам – басты ордам» атты республикалық ақындар айтысында айтыскер ақын Айбек Қалиев қазақ қоғамындағы ең өзекті мәселелерді жырмен өрнектей келіп, соңғы айлардың бедерінде халықты қатты алаңдатып отырған жер мәселесіндегі Үкіметтің әрекетін өткір сынға алды. Айтыскер ақынның жер туралы жырлағаны залдағы қалың қазақтың көкейіндегісін дөп басып, Айбек ақынның әр сөзіне дуылдата қол соғып отырды.

abai.kz


 

Айбек Қалиевтің кешегі айтыста жер мәселесіне қатысты айтқаны:

 

«Болса егер ойлағаның пайда лайым,

Қалайша мұндай жерде жай қалайын?

Шетелге, ей, Үкімет, мені сатшы,

Тілімді енді саған қайрамайын.

Құлдықтың қамытына бой ұсынып,

Қытайға мәңгілікке байланайын.

Ол аз десең әйелім, баламды сат,

Қара бастың бақытын ойламайын.

Жалғыз-ақ өтінішім - қазағымның

Жеріне тимеңдерші, айналайын!»

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 992
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2541
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 697
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 668