Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2680 0 пікір 7 Шілде, 2016 сағат 09:23

АҚШ президенті Обама Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Путин АҚШ президентіне ЕҚЫҰ Минск тобының тең төрағасы ретінде 20 маусымда Санкт-Петербургте Таулы Қарабақтағы жанжалды реттеуге арналған Әзербайжан лидері Ильхам Алиев пен Армения президенті Сержем Саргсянмен болған үшжақты кездесудің қорытындысы жайында ақпарат берген.

Ақ үйдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент Обама Ресей және Франциямен бірге Таулы Қарабақтағы жанжалды реттеуге ынтымақтастық білдіруге дайын екенін жеткізген.

Президент Обама сонымен бірге Ресейдің Сирия президенті Башар Асадқа азаматтарға қарсы шабуылдауын тоқтатуды талап етіп, қысым көрсетуді жалғастыра берудің маңызды екенін атап өтіп, бітім шартын толық орындау қажеттігін еске салған.

Президенттер Сириядағы "Ислам мемлекеті", "Жабхат ән-Нусра", "Әл-Каида" секілді экстремистік ұйымдармен бірге күресуді жалғастыра беретіндіктерін де жеткізген.

Украинаға қатысты президент Обама президент Путиннен елдің шығысындағы кикілжіңге нүкте қою үшін шара қолдануды сұрап, Минск келісімінің орындалуының маңызды екенін атап өткен.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592