Жексенбі, 24 Қараша 2024
Мәйекті 5291 1 пікір 6 Шілде, 2016 сағат 16:32

АТАМБАЕВТЫ КҮЛКІ ЕТКЕН «ДИПЛОМАТ» ҮШІН ЫДЫРЫСЫВ КЕШІРІМ СҰРАДЫ

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Атамбаевтың артында тырнағын кеміріп отырған қазақстандық «саясаткер» үшін кешірім сұрады,-деп жазады «diapazon.kz» сайты.

Осының алдында қырзғызстандық БАҚ қазақстандық саясаткердің Атамбаевты «мазақ» қылғындығын жазған болатын.

(Шыңғыс Қарагужинов)

Кейін қырғыз Президентінің артында отырып бейәдеп әрекет жасаған саясаткердің кім екендігі анықталған. Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша оқиға төмендегідей өрбіген. Ташкентте өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті саммитінде Қырғызстан Президенті баяндама жасаған. Нөпір ішінен орын табылмаған қазақстандық жас саясаткер Шыңғыс Қарагужинов Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтың тап артындағы бос орындыққа жайғасқан-мыс. Көрші ел басшысының баяндамасы жалықтырып жіберген «саясаткер» біресе тырнағын кеміріп, біресе есінеп, әлсін-әлсін әлдекіммен сөйлесіп отырған. Бұл қырғызстандықтардың наразылығын тудырыпты.

«Біз бәріміз адамбыз ғой. Кез келген адам есінейді. Бұл кәдімгі адами реакция. Қайталап айтамын, біз адам болған соң мұндай әрекеттер қалыпты. Дипломат – бұл ерекше мамандық. Әрдайым абай болуы керек. Оның үстіне бұл Халықаралық жиын. Залда барлық камералар қосылып тұрғанын да ескеру керек. Өкінішке орай ол камераға түсіп қалды. Немесе камералы залда отырғанын өзі ұмытып қалған болуы керек. Егер менің кешірім сұрауым, дипломаттың әрекетіне наразы адамдарды тыныштандыратын болса, кешіріңіздер. Мен ол жігітті жақсы танимын. Шыңғыс Вашингтонда жүргенде оның жұмысын өз көзіммен көргенмін. Ол біздің студентіміз еді. Сабақ үлгерімі де өте жоғары болды. Меніңше ол «Болашақ» бағдарламасымен оқыған болуы керек. Сондықтан оның кәсібилігіне дау жоқ. Мен сол баланың камералы залды болып қалғаны үшін өкініштімін. Енді ескеретін жайт екен. Өзге дипломаттар ондай маңызды жиындарда есінеп отырмауы керек»,-дейді Ерлан Ыдырысов мырза.

Қазақстандық саясаткерлер арасында Қырғызстан мен оның саясаткерлерін, басшыларын күлкіге айналдыру қалыпты жағдайға айналып кеткендей. Осының алдында ҚР Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамадиұлы «қырғыз гастарбайтерлері» туралы орынсыз сөз айтып, көпшіліктің ашуына тиген-тін. Арыстанбек мырзаның артынан іле-шала бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаев та қырғыздарды кекетіп өткен. Үкімет жиынында Премьер-министр Кәрім Мәсімов Сағынтаевқа ескерту жасап, «қырғыздарға күлуге» болмайтынын айтып, өзі күлген еді.

Осыдан кейін Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтың өзі БАҚ-қа сұхбат беріп, қазақстандық саясаткерлердің келемежіне жауап берген.

Енді  Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті саммитінде тағы бір саясаткер Шыңғыс Қарагужинов өзгелерінен асып түсіпті. Бұл да қазақстандық саясаткерлердің саяси мәдениетін жалпақ жұртқа әйгілеп бергені өкінішті болса да шындық.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588