Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3151 0 пікір 6 Шілде, 2016 сағат 12:21

Өзбекстан Қазақстанмен шекарада ветеринарлық бақылауды күшейтті

Маусым айының соңында Қазақстанның Қарағанды облысында сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен тоғыз адам жұқпалы аурулар ауруханасына түсті, солардың екеуі қайтыс болды. Республиканың ұлттық экономика министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Еркіндік ауылының сегіз тұрғыны "сібір жарасы" кеселін жұқтырғаны анықталды. Сәл кейінірек сібір жарасы ауруы Өзбекстанмен шекаралас Оңтүстік Қазақстан облысында да таралды деген ақпарат шықты.

"Қазіргі таңда Өзбекстанда сібір жарасы кеселі тіркелген жоқ. Жағдай бақылауға алынды. Қазақстанмен шекарадағы кедендік пунктте күн сайын эпидемиологтар кезекшілікте тұр", - деді мекеме өкілі.

Оның хабарлауынша, бақылау-тексеру пунктінде шекарадан өткізілетін өнімдер мұқият тексеріледі, малға екпе егіледі, халыққа вакцинация жасалады.

Өзбекстан ауыл шаруашылығы және су шаруашылығы министрлігінің ветеринария бас басқармасының мәліметі бойынша, жаздың ыстығына байланысты жұқпалы аурулардың таралу қаупі күшейе түседі. "Сол себепті басқарманың аса қауіпті жұқпалы ауруларды анықтайтын соңғы үлгідегі құрал-жабдықтары бар аймақтық бөлімшелері алдын алу жұмыстарын күшейтті", - деп хабарлады министрліктелігер.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578