Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3446 0 пікір 6 Шілде, 2016 сағат 12:10

Тәжікстан азаматшасы Түркияда адам саудасын ұйымдастырған деп айыпталды

Тәжікстан бас прокуратурасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Джамшед Мелибоевтың Озоди радиосына хабарлауынша, Хадилда Азиззодаға қылмыстық кодекстің 120-бабы, яғни "адам саудасы" фактісі бойынша айып тағылды. Тәжік әйелін біраз уақыт бұрын Түркия құқыққорғау органының қызметкерлері ұстап, Тәжікстанға жеткізген еді.

Мелибоевтың айтуынша, Хадиджа Азиззода тәжік қыздарын жұмыс берем деген желеумен Түркияға алып барып, оларды сонда жезөкшелікпен шұғылдануға мәжбүрлеген.

Қылмыстық іс тергеушілерінің мәліметі бойынша, күдіктінің тұзағына түсіп қалған екі әйел Азизаға қарсы куәлік еткен. Джамшед Мелибоевтың айтуынша, алдын ала тергеу мәліметі бойынша, күдікті ұйымдастырған жезөкшелер үйіне негізінен ауған және парсы босқындары, сондай-ақ Түркия азаматтары көп келетін болған.

Қазір күдікті Душанбедегі тергеу абақтысында отыр, ал жалған уәдемен Түркияға әкетілген екі әйел үйлеріне қайтарылды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 992
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2541
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 697
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 669