Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 5318 0 пікір 5 Шілде, 2016 сағат 10:06

ИСЛАМ ӘКА ЖАРАДЫ...

Адамның қартайған сайын ақылы толады деген рас екен. 
Менің көзім соған бүгін анық жетті. 
Жасы 78-ге келгенде Өзбекстан Президенті соны дәлелдеді.

Ислам әка Сурхандария облысы Термез ауданындағы дихандармен кездесуінде «Жоғары жақта көсеміміз отыр" деген сияқты сөздерді көп айта бергеніміз жөн емес. Бәріміз ақылмен өмір сүруіміз керек. Бізде қарапайым адам жоқ. Жұрттың бәрінің ойы, өмірге деген көзқарасы бар. Бұл тұрғыдан алғанда "не істеу керегін ана жақта – жоғарыда отырғандар біледі, ал біз тек бұйрықты орындаймыз" деген сөздердің дәурені өтті. Өз басым мұндай әңгімелерге мүлде қарсымын» ("Азаттық радиосының" сайты), – депті.

Міне, Ұлы сөз! Ұзак жыл Ел басқарып әбден ысылған нағыз көсемнің сөзі!! Мүмкін, өзбек халқының жадында мәнгі сақталатын соңғы өсиет болуы мүмкін, бұл сөз!

Негізінде, Үкімет облыстан, облыс ауданнан, аудан ауылдан "бұйрық күтіп" отыру керек! Не керек екенін, не істеу қажет болып тұрғанын Үкімет емес, төмен жақ айту керек! Үкімет соған қарап жоба-жоспар жасауы, Президент оны атқару туралы бұйрық беруі тиіс!

Біздің Үкімет Ислам әкасының осы даналығын есінде ШЫҢ тұтқаны жөн! Ақылды ауылды жердегі халықтан сұрасын, бұйрықты солардан күтсін! Министрлер де солай етсін!! Жаман болмайды ешқашан!

Ауыт Мұқибек

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562