Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3437 0 пікір 5 Шілде, 2016 сағат 09:21

Қызылордада 6,6 мың тұрғын жер алды

Әкімшілік таратқан мәлімет бойынша, Қызылорда-Жезқазған күре жолы бойында 980 гектар жер үй құрылысына бөлінген. Жергілікті билік осы аймақта Бәйтерек деп аталатын жаңа ықшам аудан тұрғызуды көздеп отыр.

Облыстық әкімшіліктің мәліметі бойынша, болашақта жаңа ықшам ауданда 75 шақырым жол және жүздеген шақырым коммуналдық желі тартылады. Сол үшін бюджеттен 10 миллиард теңге бөлінеді, деп хабарлады әкімшілік.

Қызылорда облысында жер телімдері соңғы рет 2004 жылы бөлінген еді. Әкімшілік мәліметі бойынша, Қызылордада шамамен 42 мың адам жер кезегінде тұр.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562