Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3369 0 пікір 5 Шілде, 2016 сағат 09:10

Қырғызстанның мемлекеттік қарызы 4 миллиард долларға жақындады

Қырғызстан елдегі ірі инфрақұрылымдық жобалаларды несилендіріп келетін қытайлық Экспорт-импорт банкіне көп ақша қарыз – 1 миллиард 394,7 миллион доллар. Қарыз тізіміндегі одан кейінгі орындарда Халықаралық даму қауымдастығы және Азия даму банкі тұр.

Қырғызстанның ірі сыртқы несиегерлері санатына Ресей, Халықаралық әріптестік жөніндегі жапониялық агенттік (JICA), Халықаралық валюта қоры енген.

Республиканың ішкі қарызы – 246,6 миллион доллар. Оның көп бөлігі - 170,3 доллар мемлекеттік бағалы қағаздар жөніндегі үкімет міндеттемелеріне қатысты.

Мемлекеттік қарыз елдің Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) деңгейінің 60 пайызына жақындады. Заң бойынша осы межеден асуға болмайды, бірақ үкімет шетел қаражатын әрі қарай тарта беру үшін осы межеден асуға рұқсат беретін заң жобасын парламентке енгізді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5563