Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3953 0 пікір 4 Шілде, 2016 сағат 08:32

Қырғызстанда Өзбекстанға апаратын жерасты жолын қазған ер кісі ұсталды

"Ұсталған 25 жастағы жігітке өз үйінен басталып шекаралас Өзбекстан аумағына шығатын жерасты жолын қазып, сол арқылы көрші республикаға контрабанда тауарларын жолдаған деген айып тағылды", - делінген сот хабарламасында. Ұсталған азаматқа көші-қон заңнамаларын бұзып, кеден салықтарынан жалтарған деген айыптар қоса тағылды.

Еске салсақ, 25 наурызда "Озодлик" өзбек шекарашылары 17 наурызда Қырғызстанның Баткен облысы Қадамжай ауданына қарасты "Қырғыз-Қышлақ" ауылындағы үйден басталып, Өзбекстанның Ферғана облысы Алтыарық ауданының "Борбалық" ауылы тұрғынының ауласынан бірақ шығатын жерасты тоннелін анықтағанын хабарлаған еді.

Сол кезде өзбек шекарашылары қырғыз әріптестеріне жерасты жолының діни-экстремистік әдебиет, контрабандалық жүк және қару тасымалдау үшін қазылған болуы мүмкін деп хабарлаған еді.

Қырғызстан құқыққорғау құрылымдары тоннельдің шығар жолын жылдам тапқанымен, оны қазған азаматтың өзі ұсталмай, күдікті іздестіріле бастаған. Бұның алдында Өзбекстан тарапы заңсыз өткел арқылы Ферғана алқабына экстремистер өтіп кеткен болуы мүмкін деп мәлімдеген еді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 985
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2529
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 690
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 661