Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 6307 0 пікір 30 Мамыр, 2009 сағат 11:03

Xалықаралық мектептер: ұттық па, ұтылдық па?

Xалықаралық мектептер: ұттық па, ұтылдық па? Қазақстанның өзге елдермен саяси, экономикалық, мәдени байланыстарды өркендете түсуi елiмiздiң егемендiгiн нығайтуда үлкен рөл атқарады. Әлемдегi дамыған мемлекеттердiң қатарынан орын алып, тәуелсiздiктiң тұғырлы болуы үшiн, сөз жоқ, бiлiм көкжиегiн кеңейтуiмiз қажет.
Осы мақсатта, 1992 жылы Қазақстан Үкiметiнiң шешiмiмен туысқан Түркия мемлекетi мен қазақ елi арасындағы қарым-қатынасты одан әрi жандандыру, бiлiм мен мәдениет кеңiстiгiндегi мәселелердi жақындастыра түсу үшiн республикамыздың iрi қалаларында қазақ-түрiк лицейлерi ашылған-ды. Бүгiнгi күнi олардың саны 28-ге жеттi. «ХХI ғасырда бiлiмсiз өмiр сүру мүмкiн емес. Сондықтан, осы бiлiм беру мекемелерiн ашуға еңбек сiңiргендерге алғыс айтқым келедi»,—деп Елбасымыз Н.Назарбаевтың өзi ризашылық бiлдiрген қазақ-түрiк лицейлерiнiң үшеуi Оңтүстiк Қазақстан облысында. Оның бiреуi Түркiстанда, екеуi Шымкент қаласында. Бiз осы тұрғыда педагогика саласының бiрнеше бiлiктi мамандарымен сөйлестiк.

Xалықаралық мектептер: ұттық па, ұтылдық па? Қазақстанның өзге елдермен саяси, экономикалық, мәдени байланыстарды өркендете түсуi елiмiздiң егемендiгiн нығайтуда үлкен рөл атқарады. Әлемдегi дамыған мемлекеттердiң қатарынан орын алып, тәуелсiздiктiң тұғырлы болуы үшiн, сөз жоқ, бiлiм көкжиегiн кеңейтуiмiз қажет.
Осы мақсатта, 1992 жылы Қазақстан Үкiметiнiң шешiмiмен туысқан Түркия мемлекетi мен қазақ елi арасындағы қарым-қатынасты одан әрi жандандыру, бiлiм мен мәдениет кеңiстiгiндегi мәселелердi жақындастыра түсу үшiн республикамыздың iрi қалаларында қазақ-түрiк лицейлерi ашылған-ды. Бүгiнгi күнi олардың саны 28-ге жеттi. «ХХI ғасырда бiлiмсiз өмiр сүру мүмкiн емес. Сондықтан, осы бiлiм беру мекемелерiн ашуға еңбек сiңiргендерге алғыс айтқым келедi»,—деп Елбасымыз Н.Назарбаевтың өзi ризашылық бiлдiрген қазақ-түрiк лицейлерiнiң үшеуi Оңтүстiк Қазақстан облысында. Оның бiреуi Түркiстанда, екеуi Шымкент қаласында. Бiз осы тұрғыда педагогика саласының бiрнеше бiлiктi мамандарымен сөйлестiк.
Елбасымыз тiкелей қолдау көрсеткен бұл жүйе өзiн керемет ақтап шыққан. Елiмiздегi қазақ-түрiк лицейлерiнiң оқушылары халықаралық олимпиадаларда 55 алтын, 91 күмiс, 140 қола медаль жеңiп алған. Осы бiлiм шаңырағын тәмамдаған 5000-ға жуық түлек АҚШ, Жапония, Германия, Түркия, Ресей сияқты шет елдерде оқып жатыр. Бұл аталмыш лицейлердегi менеджменттiң мықтылығын көрсетедi. Онда мiндеттi түрде 3-4 тiлдi таза меңгерiп шығады және оларды iрi фирмалар жұмысқа жиi шақырады. «Тiлдердiң үш тұғырлылығы» саясаты да халықаралық мәртебедегi мектептерде жүзеге сәттi асуда. Облыстық, қалалық бiлiм басқармаларында лауазымды қызметтер атқарған, қазiр Шымкенттегi №65 мектептiң директоры Қатира Қадырбаева: «Қазақ-түрiк лицейлерiнiң бiлiмi шын мәнiсiнде өте жоғары деңгейде. Оған және арнайы дарын мектеп-интернаттарына 6-сыныптан кейiн оқу үлгерiмi жоғары, қабiлеттi таланттар қатаң конкурстық iрiктеу бойынша қабылданады. Мұнда болашағы кемел оқушылардың дарынын бiлiктi ұстаздар жетiлдiрiлген оқу бағдарламалары арқылы жаңа үлгiдегi техникалық жабдықтармен қамтамасыз етiлген сыныптарды төрт тiлде бiлiм беру жүйесiмен одан әрi дамытады. Сондай-ақ, оқушылармен жеке-жеке жұмыс iстейдi. Лицейде шәкiрттер арнайы жатақханада жатады және олардың сабаққа дайындалуы, тәрбиесi, мiнез-құлқы әрдайым тәрбиешiлердiң назарында. Сол үшiн оның тиiмдiлiгiн сөз етсек, әрине, жәй мектептерден артықшылығы көп»,— дейдi.
Бiз Шымкенттегi №2 қазақ-түрiк дарынды қыз балалар лицей-интернатында арнайы болып, оқу процесi және жатақхана тынысымен толық танысып шықтық. Бүгiнгi күн талабына толық жауап беретiн бiрнеше оқу кабинеттерi мен зертханалар бар. Сыныптардағы интерактивтi тақтаның көптiгi жөнiнен облыста бiрiншi орында және бiр сыныпта ары кеткенде 20-25-ке дейiн ғана оқушы болады. Ал, оқытылатын оқулықтар бағдарлама және әдiстеме жағынан бiлiм стандарттарына сай сапалы, түрлi-түстi қағаздарға басылған. Әсiресе, шет тiлi мен жаратылыстану пәндерiнде кеңiнен пайдалануға болатындықтан соңғы үлгiдегi компьютер бағдарламасы үйретiледi. Тәрбие iсiнде сыныпқа бекiтiлген тәрбиешiлер сынып жетекшiсiмен бiрге әр оқушының оқу үлгерiмiмен қоса, тәртiбi, мiнез-құлық тәрбиесiне тiкелей жауапты. Бұл iс ата-аналармен тiкелей байланыста жүргiзiледi. Күн сайынғы жоспарлы үйiрмелерден (хор, би, домбыра, қолөнер) басқа, апта сайын ата-аналармен, ұстаздармен өткiзiлетiн сұхбаттар, шай сағаттары оқушыны жан-жақты тануға және бақылауға мүмкiндiк бередi. №2 қазақ-түрiк дарынды қыз балалар лицей-интернатының директоры Бақыт Жұматайдың айтуына қарағанда, былтыр конкурстық iрiктеуде бiр орынға 48 баладан келген. Ал, республикалық мәлiметтерге жүгiнсек, бұл көрсеткiш кейде 70-ке жеткен. Мұны, әрине, бекер қызығушылық деп те айта алмайсыз және олар оқу үлгерiмi жай оқушылар емес, өз қабiлетi мен бiлiм деңгейiнiң өзгеден көш iлгерi екенiн дәлелдеген үздiктер. Қазақ-түрiк лицейлерiндегi оқу-тәрбие жұмыстарының ұйымдастыру және жүргiзiлу формасы мен педагог кадрлар бiлiктiлiгiнiң арқасында олардың қабiлетiн одан әрi дамытуға қол жетiп отыр. Екiншiден, мұнда 7-сыныпқа қабылданған бала алғашқы екi оқу тоқсанында қазақ, ағылшын, түрiк, орыс тiлдерiн меңгеруге күш салады. Одан кейiн жаратылыстану пәндерi енгiзiлiп, тек ағылшын тiлiнде жүргiзiледi. Кейiнгi сыныптарда жаратылыстану пәндерi — математика, физика, химия және биология ағылшын тiлiнде, қазақ тiлi мен әдебиетi, Қазақстан тарихы, Қазақстан географиясы, құқық негiздерi, дене тәрбиесi қазақ тiлiнде жүргiзiледi. Бұл өзге тiлдi ұлт өкiлдерiне де тән. Орыс мектептерiнен келген оқушылар үшiн арнайы дайындалған оқу-әдiстемелiк кешендi бағдарлама қолданылады. Бұл бағдарлама мемлекеттiк тiлдi оқып-үйренуде оң нәтижесiн беруде. Кейбiреулер халықаралық лицейдiң жеткен жетiстiгiн жәй мектептерден аса дарынды жеткiншектердi жинап алады деп, себебiн сонымен байланыстырғысы келедi. Олай десек, қателескенiмiз. Талантты оқушыларды iрiктеп алып, олардың табиғи дарынын жетiлдiре алмай отырған арнайы мектептер де бар.
Қазақ-түрiк лицейiнде пәндiк олимпиадаларға қатысатын оқушылар өз қабiлетi мен қызығушылығына байланысты 7-сыныпта нақты анықталып, 11-сыныпты бiтiргенге дейiн сол таңдаған пәнi бойынша дайындалады. Әр аптада емтихан тапсырып, қорытындысы есепке алынып отырады. Осындай тыңғылықты дайындық пен үздiксiз iзденiс өз жемiсiн беруде. Есесiне жалпы қазақ-түрiк лицейлерiнде оқитын оқушыларымыз АҚШ, Австралия, Босния, Германия, Греция, Түркия, Болгария, Тайланд, Грузия, Украина, Әзiрбайжан сияқты мемлекеттерде өткен халықаралық, дүниежүзiлiк жарыстарда Қазақстанның абыройын асқақтатты. Бiз қазақ-түрiк лицейлерiн насихаттауды басты мақсат тұтқан жоқпыз, тәжiрибесiнiң тиiмдiлiгiне мән бере отырып, жай мектептердiң проблемасына үңiлудi жөн көрдiк. Қатардағы мектептерден де мықты дарынды түлектердiң шығып жататынын және жоққа шығара алмаймыз. Негiзгi айтпағымыз, тым болмаса, «Тiлдердiң үш тұғырлылығы» саясатына сай толыққанды бiлiм берiп жатқан, Шымкент қаласындағы №8 мектеп-гимназияның мәртебесiндегi бiлiм шаңырақтарының қатарын көбейту керек.
Жуырда ғана әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дiң 14 факультетi бойынша өткен олимпиадаларда 45 бала грантқа iлiксе, оның 9-ы осы мектепке тиесiлi. Бiр мектеп үшiн бұл өте зор табыс. Алайда, барлық мектептердi мұндай деңгейге жеткiзудiң мүмкiндiгi шектеулi. Рас, тереңдетiп оқытатын, сапалы бiлiм беретiн мектептердiң де қатары жеткiлiктi. Десек те, бiлiм сапасы әрдайым бiлiктi маманға байланысты. Осы тұрғыдан келгенде, алдымыздан бiлiктi маман проблемалары шыға келедi. Осы саланың ұңғыл-шұңғылын жетiк бiлетiн Қатира Қырғызбаева да шын мәнiсiнде осындай бiлiктi мамандардың жетiспеушiлiгiн растап отыр және бұл мәселенi дұрыстап қолға алмасақ, қазақ-түрiк лицейлерi сияқты бiлiм ордаларына бәсекелестiктi қалыптастыра алмайтынымыз және анық. Қазақ-түрiк лицейлерi «түрiктердiкi» деген жаңсақ пiкiр қалыптасқан. Басында елiмiздiң экономикасының қиын жылдарында түрiк ағайындар бұл жүйенi өз күштерiмен құрып, елеулi қаржы құйып, бiлiм саласының өркендеуiне едәуiр септiгiн тигiздi.
Ал, қазiр аталмыш лицейлер толықтай мемлекетiмiздiң қаржыландыруына өткен. Бақыт Жұматайдың айтуына қарағанда, бiр ғана №2 қазақ-түрiк дарынды қыз балалар лицей-интернатында еңбек ететiн ұстаздардың 16-сы Түркия республикасының азаматтары, қалған 36-сы жергiлiктi азаматтар. Оның үстiне, мұндағы ұстаздар өз бiлiмдерiн жетiлдiру мақсатында жылына екi рет пәндiк емтихандар тапсырып отырады. Ойымызды түйiндер болсақ, бiзге барымызды бағалай отырып, халықаралық мәртебеге сай қазақ-жапон, қазақ-герман, қазақ-қытай сияқты лицейлер аша алсақ, нұр үстiне нұр! Яғни, бiлiм саласында бәсекелестiктi арттырар мүмкiндiктердi түбегейлi қолға алу керек.

 

Дидар БЕГАЛИЕВ
 «Оңтүстік Қазақстан» газеті 27 мамыр 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036