Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 4945 0 пікір 1 Шілде, 2016 сағат 10:17

ҚАЗАҚТАР ОРЫС ШІРКЕУЛЕРІН МЕШІТКЕ АЙНАЛДЫРАДЫ

Қазақтар өз арасында тек қазақша сөйлеуі, ақшасы мен назарын орыс тілді емес, қазақ медиа өнімдеріне бағыттауы қажет. Бұл үрдіс өз-өзімен жүріп келе жатыр.

Орыс қазір – 20-ақ пайыз. Әңгімелесуге Алматының өзінде орыс таба алмайсың. Мысалға, мен орыс мектебін бітірсем де орысшам таусылып барады. Орысша мақалаларыма сұраныс азайып келеді. Ал, қазақша контент өсіп келеді.

Үш тұғырлы тіл бағдарламасы сол өшіп бара жатқан орыс тіліне жан бітіру деп есептеңіз. Орыстанған қазақ қазақтанып келеді.

Мен Сарқан ауданынанмын, бұрынғы Сарқан орыстанған аудан еді. Қазір толық қазақы аудан. Тұрғындарының біразы қытай қазақтары, оларда орысша мүлде жоқ.

Ендігі кезекте Талдықорған мен Алматы. Менің туысқандарым Талдықорғаннан Алматы мен Астанаға көшкен.

Енді «Хабарды» толық қазақшаласа Ресей теледидарын жапты дей бер. Бара келе өз өзіне жеткілікті халқымыз, орыстың руханиятына, тіліне, дініне таңмен қарайтын болады. Ал орыстың көптеп салынып жатқан шіркеулерін қазақтар сатып алып, мешітке айналдырады.

Әзімбай Ғали

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570