Сенбі, 28 Желтоқсан 2024
Деп жатыр 7672 0 пікір 30 Маусым, 2016 сағат 20:56

Ғ.БАЙТОҚ: БРАЗИЛИЯДА ОҚЫҒАН БАЛАЛАРДЫҢ КІМ ЕКЕНІН ДЕ БІЛМЕЙМІЗ

Бұл туралы «Республика-Аймақ-Даму» қоғамдық қорының директоры Ғалым Байтоқ «SarapTime» сарапшылық клубы «Қазақстандық футбол: даму жолдары мен мәселелері» тақырыбындағы кезекті отырысында айтты.

- Бразилияның футбол академияларына жіберген балаларға келейік. Арада қанша уақыт өтсе де, біз футбол ойнауды үйрену үшін кеткен балалардың кімдер екенін, мемлекеттің ақшасына жіберілген балалардың қандай нәтижеге қол жеткізгенін әлі толық білмейміз. Әр балаға ай сайын 2 мың доллар бөлінген. Бір баланы 3 жыл оқыту 72 мың долларға түскен,- деді ғалым байтоқ.

Ғалым Байтоқ атап өткендей, Қазақстан Бразиялияда футбол мектептері жақсы дамыған деп санап, 2009 жылдан бүгінге дейін балаларды жіберіп келді. Нәтижесінде Мәдениет және спорт министрі Парламентте бұл «бразилиялық балаларға» артылған үміт ақталмағанын айтты.

«Медиалық технологиялар орталығы» жеке қоры өткізген «SarapTime» сарапшылық клубының отырысына Қазақстанның Футбол федерациясының басшылық өкілдері, футбол клубтарының өкілдері, спорт сарапшылары, комментаторлар, мемлекеттік емес ұйымдар өкілдері, қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері, блогерлер қатысты. Отырыс барысында айтылған ұсыныстар сарапталып, Қазақстанның Футбол федерациясына ұсынылатын болып келісілді. 

abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2068