Жексенбі, 24 Қараша 2024
Деп жатыр 6508 0 пікір 25 Маусым, 2016 сағат 15:35

ДАБЫЛ! 30 МЫҢ ОҚУШЫ - «ВКОНТАКТЕ» ЖЕЛІСІНІҢ ҚҰРБАНЫ

Дабыл! Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Қазақстандағы мектеп жасындағы 31 247 баланың  «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі порнографиялық мазмұндағы парақшаларға тіркелгенін мәлімдеді.   

Арнайы жүргізілген мониторинг барысында аталған әлеуметтік желіде порнографияны ашық насихаттайтын 63 топ анықталған. Бұл топтар қазіргі таңда ашық жұмыс жүргізуде.

Аталған топтардағы материалдардың мазмұны: ерте жастан жыныстық қатынасқа түсуді, интим қызмет түрлерін жарнамалауды т.б.  насихаттайды екен.

«Қазақстанда жасалатын жыныстық қылмыс түрлерінің көбі кәмелеттік жасқа толмаған, жыныстық сауаты төмен оқушылардың арасында болады. Бұған итермелеуші негізгі фактор – әлеуметтік желілердегі ашық порнографиялық топтардың насихаты. Сондықтан, ата-аналар балалардың әлеуметтік желілерде немен айналысып жүргенін бақылауы тиіс. Еліміздегі соңғы ресми деректерге сәйкес, 16 жасқа толмаған қыздардың арасында жүкітілік көрсеткіші артқан. Бұл да өз кезегінде аталған желілердің жұмысының көрсеткші»,-дейді ОҚО Прокуратурасының баспасөз қызметі.

Естеріңізде болса, «Abai.kz» порталы сәл ертеректе «Білесіз бе, «ВКонтакте» балаңызды бұзып бітті!» атты мақала жариялаған еді. Онда аталған желі арқылы жастардың санасын улап біткен порнографиялық топтардың, парақшалардың кесапаты туралы кеңінен айтылған-ды.

Осыдан екі-үш жыл бұрын ҚР парламенті  «Порнографиялық басылымдар айналымының және оларды саудалаудың жолын кесу туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» заңды қабылдаған еді. Ол құжатта "Қазақстанда порнографиялық сипаттағы материалдарды тарату, көпшілікке көрсету мақсатында дайындау немесе сақтау, жеке өзі немесе басқа адам арқылы айналысқа шығару, бизнес жасау және сату мақсатында жарнамалау - қылмыс" екені айтылған. 

Өкінішке орай, қылмыс ашық жасалуда. Ал оның жолын кесуі тиіс  құзырлы орган қимылсыз отыр. Әйтпегенде жоғарыдағы 63 топ қайдан пайда болды? Сонда біздің құзіретті органдар қазақтың жасөспірімдерін көгендеулі қозыдай иіріп отырған "Вконтакте" әлеуметтік желісіне сүзгі жасамай ма?

Сондай-ақ, мектепте жүріп «мама» атанған сылқымдардың да саны күн санап артып келеді. 2015 жылғы статистикаға сүйенсек, елімізде 2 мыңнан астам оқушы 16 жасында жүкті болып қалған. 2016 жылғы деректерге сүйенсек, бір ғана Елорданың өзінде жыл сайын 70 оқушы қыз жүкті болып, түсік жасатады-мыс.  Өткен жылғы сандарды сөйлетсең, төбе шашың тік тұрады. Ресми мәліметке сүйенсек, былтыр 372 оқушы мектеп қабырғасында жүріп «мама» атанған екен. Оның ең көбі Тараз қаласында 94 факті тіркелсе, Қордайда – 92, Байзақ пен Шуда – 36, Меркіде – 31, Жамбылда – 26, Мойынқұмда – 11, Сарысуда – 9, Жуалы мен Талас ауданында – 6 оқиға орын алған. Жас ерекшелігіне келсек, 17 жастағы 299 оқушының аяғы ауыр болса, 16 жастағы 63, 15 жастағы 10 қыз ерте жүкті болып босанған. Байқап тұрсаңыз бесіктен белі шықпай сәби сүйген қыздардың саны жаға ұстатады. Ал бұған кім кінәлі? Ата-ана ма? Хош, солар-ақ, болсын. Ал ашықтан-ашық жыныстық қатынасты насихаттап отырған ресейлік  «ВКонтекте» желісі ше?

Аталған ресейлік желінің шуы өткен жолғы «Ақтөбедегі» текакті кезінде де көп айтылды. Түрлі діни-экстирмистік ағымдардың ашық насихаты бұғатталмай террористердің легі тыйылмайтынын айтып, саясаттанушы Ерлан Қарин мәселе көтерді. Ресейлік желіні Қазақстан аумағында бұғаттауды ұсынды. «Соңғы оқиғалар кезіндегі жағдайларда, Фейсбук емес, ең алдымен ВКонтакте желісін я тежеу, я мүлдем тоқтату керек. Негізі барлық жөнсіз, мәнсіз және қауіпті бәлекеттің бәрі сонда»,-дедіі Е.Қарин. Оның пікірін белгілі саясаттанушы Айдос Сарым да қолдаған. Себебі. Ақтөбеде орын алған террорлық актілерден кейін құқық қорғаушылар өлтірілген және ұсталған лаңкестердің әлеуметтік желідегі парақшаларын ақтарып көрді. Барлығы дерлік ВКонтакте желісіне тіркеліп, Интернеттегі діни топтардың мүшесі болғандығы анықталды. Енді, балаңызды ресейлік«ВКонтакте» желісі бұзды демей не дейсіз?

Түйін: Біз мұндай жағдайға қалай жеттік? Бұлай кете берсе, соңы не болмақ? Ендігі қойылар сауал осы болса керек... Жыныстық зорлық-зомбылық оқиғаларын азайту үшін қазірден бастап ойлануымыз қажет. Сосын жоғарыдағы бірлестіктерді сіз болып, біз болып тізгіндеуді қолға алайық...

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5557