Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 4966 0 пікір 24 Маусым, 2016 сағат 11:34

ӘБДІУАҚАПТЫҢ ЖОЛЫНДАҒЫЛАРҒА САБАҚ БОЛСЫН!

Абайдың дін мектебінде оқып жүрген жастау кезі болса керек. Əкесі Құнанбайдың алдынан өтіп, нағашыларына қыдырып бармақ ниетін білдіреді. Құнанбай баласының бұл сапарына қарсылық білдірмейді. Алайда "Нағашыңның ауылына барған кезде айтар ойыңды абайлап жеткізгейсің" деп жақсылап ескертеді. 

Абай нағашы ауылына барып, аунап-қунап біраз аялдайды. Бір күні нағашысы Тойтайдың екінті оқуға тұрғанын байқайды. Тонтай намазын асығыс аяқтап, ол аздай аяттарды да шатыстырып алады. Мұны байқап қалған бала Абай тыныш тұрмай:

"Нағашы, намаздың бекітілген шартын бұзып, өз білгенің бойынша оқитын мұндай да түрі бар ма?" деп түйреп өтеді.

Құнанбайдың ұлына ескертетіндей жөні бар екен, Тонтайдың да жауабы зілдей болып шығады. 

"Əй, жиен, сен айтып отырған бекітілген шарт деген Имам шафиғидың тар жолы. Ал Имам ағзамның жолы кең. Біздің жолда болмашы кемшіліктерге кешірім бар. Себебі дін деген Кеңгірбайдың оғы, Көкенайдың жалы, Құнанбайдың қомы емес" деп сөзін шегелейді. 

Абай ауылына қайтқан кезде Тонтайдың қайтарған жұмбақ жауабын сол күйінде Құнанбайға айтып береді. Сонда Құнанбай "Нағашың найзасын сұғып алған екен" деп сан соғыпты...

(Өткен ауызашарларда бір ағамыз осы əңгімені айтып беріп еді. Тойтанның Абайға не айтпақшы болғанын сіздер жазыңыздар. Дін дегенді Əбдіуақаптың жолы деп түсінетін бауырларға сабақ болсын!).

Серікбол Хасан

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552