Жексенбі, 24 Қараша 2024
Алашорда 5868 1 пікір 22 Маусым, 2016 сағат 17:25

БАҚТЫБАЙ АЙНАБЕКОВ. ҚҰНАНБАЙДЫҢ САБАҒЫ

Осы жылы маусымның 3-4 жұлдызында, Созақ кентінде Сақтаған Әбіләзімұлы бауырымыз алдымен Қарабура әулие қасында жерленген өз атасы Құрбан Жаманбайұлына,  екінші күні  шыққан тегі Қоңыраттар атынан Алты алаш зиялыларын жиып үлкен ас берді. Ас –  дұғамен басталды, дұға – имандылық, имандылық - Ислам жолы. Бұл - өткенді, тарихты құрметтеу, елді имандылық пен ынтымаққа шақыру деген сөз. Ниеті мен берген құдайы асы қабыл болсын. 

Исламда мақтау мен мадақ тек бір Жаратушы Алла Тағалама ғана айтылады, ал оның имани жолын ұстанып осындай игі істерімен көрінгендерге Алланың разылығы болсын деп қошемет пен құрмет айтылады. Сол Аста оқылған мына арнау өлеңім менің де ағалық  құрмет пен қошеметім болды, бауырыма.

 

 

Бисмиллай Рахмани Рахим,

 Ей, Сақтаған, бауырым!

Қарадан шығып қазаққа сұлтан болған,

Тасы өрге домалап ұлтан – жолдан.

Құнанбайдың сабағы бізге жеткен,

Бесігінде жатқанда  Ғызыр қонған.

 

Тобықтыны - Арғындар ел көрмейтін,

Қатып қалған дәстүр ол - өзгермейтін.

Сол дәстүрді  Құнанбай тұншықтырды,

Аузын ұрып, шешенін сөз бермейтін.

 

Арғынның аузын жапты - сабағымен,

Бүкіл елді басқарды қабағымен.

Шақырды Алаш жұртын  Ас өткізіп,

Жаңылмаған шабыстан – Дана-күрең.

 

 

 

Ен арғын - ел емес пе - есебі бар,

Жеңілген тобықтыдан кеше бұлар.

Осы аста Құнанбайды мұқатқалы

 Сөз салды ши жүгіртіп шешеніне - әр.

 

Құнанбай жалғыз көзді – көрегенді,

Тоқтатқан Арғын түгіл – Төрелерді.

Шаң жұқпай шашасына тағы да өтті,

Сөзімен қатқан сөгіп көбелерді.

 

Құнанбай - жалғыз көзді болса дағы,

Сол көзбен - жұрт көңліне жол салады.

Шақырып арғынның бар көсемдерін,

Өткізді ойланарлық ой сабағын.

 

  -Ағайын, ас өтеді біздің елде,

О бастан - Арғын ие  мына жерге.

Алаштың арыстары - Тобықты емес,

«Арғын» деп сөз тастайды  сынап елге.

 

Сөз саптар «Уа Арғын!»- деп тойға тастап,

Кіл сейіс тіл қатады ойға бастап.

Тобықтай - тобықтыны сөз етпейді,

Арғынға айтар сөзін - айбары асқақ.

 

 

 

 

Қашан да ынтымаққа келеді - бақ,

Сол бақпен көмкерілер Хақ берген тақ.

Кілітін тапсырамын қазынамның,

Ал Арғын - жаратыңдар керегін ап...

 

Ойлайтын елдің қамын, жердің қамын,

Көсемдер - ұғарсыңдар сөздің мәнін.

Шешендер – бақ, абырой қолдарыңда,

Бірігіп ойланыңдар енді бәрің!..

 

...Мына сөз - дырау қамшы тіліп өткен,

Жеткізген Жаратушым Ұлы көктен.

Ағынан жарылға соң  Аға сұлтан,

Жарлықтай жанға сіңді - ұлы, өктем!

 

Ен Арғын - қайта оралып намысына,

Басқаша қуат салды  қамышыға.

Мұқатпақ болған – мұғым, «Құнанбайлап!»,

Бас иді, «Сұлтан»- тұтып – Арысына!

 

Тәубаға келді естілер басын шұлғып,

Сұңғыла сөзден кейін шыққан сұмдық.

Сол сөзі - көрегеннің аспен қатар

Көтеріп кетті елге және Пір қып!-

Ап келген - елге ынтымақ және бірлік!

 

 

 

              -П-

    ...Ей, Сақтаған, бауырым!

Сен қарағым, жарадың,

Құнанбайдың кімнен алдың сабағын.

Атқардың да тіршілігін - ағаның,

Алты Алашқа қасқайып бір  қарадың.

Сен де бүгін - берген Аспен, қарағым!

        **   **  **

Сол Құнанбай сияқты - көрегенім,

Бүгін сабақ алғандай сенен елің.

Бытыраған қоңыраттың басын жинап,

Сен көкесін көрсеттің өнегенің!

 

-Ш-

    Ей, Сақтаған, бауырым!

Сен Қоңыраттың, Алпамыстың қанысың,

Бастап жүрген иманың мен намысың.

Қоңыратым деп басын қосып ас бердің,

Алты алаштың шақырып ап Арысын.

   Сен аман бол қоңыраттан, оза шапқан Барысым!

 

Тисе тиер - көп көкеңе қамышым,

Сөз - қамышы бәрімізді жанысын.

Осы жерде сенен өткен байлар бар,

Тот бастырған кеудедегі намысын.

 

 

 

 

Сенен өткен шешен де бар, көсем де,

Тұлға олар – «тұлға емес»- мен десем де.

Ас түгілі шайдың құнын білмей жүр,

Жаратылған - жай ғана аман-есенге...

 

Солар ашсын екі көзін -  еліне,

Еге болсын мынау байтақ жеріне.

Елім деген қайран қасқа қазақтың.

Аруақтары - шығу керек төріне.

 

Аруақтары озсын төрге ұмтылған,

Әр уақытта қос аруақ - бір тұрған.

Өлі әруақ пен тірі аруақты қоспасақ,

Тозған халық біз боламыз ант ұрған.

 

Сен бастадың Алпамыстың ұрпағы,

(Жалғасымын табу керек бұл тағы).

Езді емес елдің туын көтерер,

Ерлер тусын аналардың құрсағы.

 

Ел болайық - ел дәстүрі өшпесін,

Жер бетінен қазақ елі көшпесін,

Дұға жасап Жаратқаннан сұрайық,

Ей, ағайын, бастап жатқан сөз көшін.

 

 

 

 

Ұмытпаған тіршіліктің - мұратын,

Дәстүріміз барша қазақ  ұғатын.

Біздің ұрпақ сол иманнан кетті ұзап,

Жоғалтып ап бойындағы қуатын.

 

Сол иманды қайтарайық - жүрекке,

(Қарсы шықпай осы имани тілекке!)

Алла!- деген өткен біздің бабамыз,

Сүйенбестен бұрын олар - білекке.

 

Төрге оздырып шығарайық - Құранды,

Құранменен көтерейік ұранды.

«Имансыздар болса екен- деп иманды»,

Жаратқаннан ұмытпайық сұрауды.

 

Жастарымыз болсын біздің - иманды,

Мирас қылсын ел дәстүрін сыйлауды.

Сақтағандар көп болсын деп тілейік,

Дастарханға салар «ел!»- деп жиғанды.

 

Алтын алмай алғыс алған, бауырым,

Мына заман сенің жасар дәуірің.

Баталының барар жері - Жаннаттан

Соны тілер – Асқа жеткен қауымың.

 

 

 

 

Менің батам көкке жетер самалмен,

Ойына алсын күн кешкендер амалмен.

Бүгінгі астың асыл дұға - тілегі

Қабыл болсын деп айтамын саған Мен!

 

    Ей Сақтаған, қазыналы қарағым,

(Құдайымен бітпес мына амалың).

Қайран қазақ Ерін сүйген қашан да,

Құдай қолдап оң болсын бар талабың.

Алтын алмай, алғыс алған, қарағым.

Қайырыммен жетсін елге, сауабың!

ӘУМИЫН!

Abai.kz

 

 

 

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5583