БИЛІКТЕ БОЛҒАН 32 МҰСЫЛМАН ӘЙЕЛ¬
Жақында Қазақстан Президентінің Санкт-Петербор мінберінде «Қазақстанды әйел адам басқаруы әбден мүмкін» деген мәлімдемесі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу-талқыға түсті. Ел пікірі екіге жарылып, болуы ықтимал кандидаттардың да тізімдері жариялана бастады. Осы ретте, журналист Нұрсерік Жолбарыс «Фейсбук» желісіндегі парақшасында қызық дерек жариялапты. Дүниежүінің әр қиырындағы мемлекеттерде билік тізгінін ұстаған мұсылман әйел басшылар кімдер? Сіз білесіз бе?
1. Аль-Малика аль-ура Aрвa аль-Сулайхи (1067-1138 жылдары Иеменді билеген);
2. Ситт аль-Мульк (ХІ ғасырда фатимедтер халифатында билік құрған);
3. Инандж-хатун (Селжұқтардың ХІІ ғасырдағы сұлтаны);
4. Разийя-хатун (1232-140 жылдардағы Дели сұлтаны);
5. Шаджарат (Шаггарат) ад-Дурр (Мысырды 1250 жылы 80 күн билеген);
6. Туркан-хатун (қазіргі Иран жеріндегі Керман мемлекетін 1257-1281 жылдары басқарды);
7. Абиш-хатун (қазіргі Иран жеріндегі Фарс мемлекетінде 1264-1286 жылдары патшалық құрған);
8. Даулат-хатун (қазіргі Иран жеріндегі кіші Луристан мемлекетін 1316 жылы басқарды);
9. Сати-бек (Шыңғыс хан тұқымынан шыққан. 1338 жылы Иран жерінде билік құрды);
10. Денди-хатун (Жалайырлар мемлекетінен шыққан. Тарихшылардың айтуынша 1 жыл ішінде Бағдат қаласын жаулап алған. 1411-1416 жылдары ел басқарды);
11. Хадиджа сұлтан (Мальдив аралдарының сұлтаны. 1346-1379 жылдары елді басқарды);
12. Мәриям сұлтан (Мальдив аралдарының сұлтаны. 1379-1383 жылдары ел басқарды);
13. Фатима-Дайин (Мальдив аралдарының сұлтаны. 1383-1388 жылдары ел басқарды);
14. Сүйімбике (Қазан хандығының 1549-51 жылдардағы билеушісі);
15. Фатима Сұлтан-Бегім (Қасым хандығын 1679-1681 жылдары билеген);
16. Сафийат ад-Дин Тадж-ал-Алам (1641–1675 жылдары Суматра аралындағы Аче сұлтанатын басқарған);
17. Накийат ад-Дин Нур-ал-Алам (1675–1678 жылдары Суматра аралындағы Аче сұлтанатын басқарған);
18. Закийат ад- Дин Инайат- шах (1678–1688 жылдары Суматра аралындағы Аче сұлтанатын басқарған);
19. Зийнат ад- Дин Камалат- шах (1688–1699 жылдары Суматра аралындағы Аче сұлтанатын басқарған);
20. Сикандар Бегам (Бхопал мемлекетінде 1819-1837 жылдары билік құрды);
21. Айғаным ханым (1819 жылдан 1834 жылға дейін (баласы Уәли ержеткенге дейін) қазақ жерінің Сырымбет өңірін басқарды. Ресей тарапынан Шыңғыс тұқымының мұрагері ретінде мойындалған).
22. Құрманжан Датқа (1832-1876 жылдары алай қырғыздарын басқарды. Ресей империясы тарапынан полковник ретінде шен беріліп, "Оңтүстік ханшайымы" атанып кеткен);
23. Баху-бике (1834 жылы Авар хандығында билікте болды);
24, 25. Султан Джахан Бегам мен Шах Джахан Бегам (Бхопал мемлекетінде 1901-1926 жылдары билік құрды);
26. Беназир Бхутто ( 1988–1990, 1993–1996 жылдары Пәкістанда премьер-министр лауазымында болды);
27. Шейх Хасина Вазед (1996—2001 жылдары Бангладештің премьер-министрі болды. 2009 жалдан бастап аталған лауазымға қайта тағайындалды/сайланды);
28. Атифете Яхьяга (2011-2016 жылдары Косованың президенті болды. Генарал-майор шені бар);
29. Мегавати Сукарнопутри (Индонезияның 5-інші президенті. 2001-2004 жылдары билікте болды);
30. Тансу Чиллер (Түркияның 1993-1996 жылдары Түркияның премьер-министрі қызметінде болды);
31. Халеда Зиа (Бангалдештің 1991-1996, 2001-2006 жылдардағы премьер-министрі);
32. Роза Отунбаева (Қырғыз Республикасының өтпелі кезеңінде 2010-2011 жылдары президенттің міндетін атқарды).
ЕСКЕРТУ: Жоғарыда аталған тізімдегі әйелдер билік басында болғандығы ресми түрде мойындалған билеушілер.
Аталған әйелдердің көбінің экономикалық білімі жақсы болған. Тізімдегі алғашқы он әйелді көбінесе "әлем мен діннің сүйіктісі", "әлем мен діннің таңдаулысы" деп те атайтын деректер кездеседі.
Abai.kz