Жексенбі, 24 Қараша 2024
Қоғам 5453 0 пікір 17 Маусым, 2016 сағат 02:31

БҰҰ ШЕШІМІ ТУРАЛЫ. КСРО ҮШІН ҚАЗАҚСТАН ЖАУАП БЕРУГЕ МІНДЕТТІ ЕМЕС!

Жақында Біріккен ұлттар ұйымының Халықаралық сауда құқығы жөніндегі «UNCITRAL» комиссиясы КСРО-ның заңды мұрагері қазақтар болуы керек деп мәлімдепті. Бұл туралы 365info.kz порталы жазады.

Егемендіктің есілі ескен ширек ғасыр шегінде әлем халқы КСРО-ның құқықтық мұрагері деп қазіргі Ресей Федерациясын танып келген-тін. Енді БҰҰ- бұл құқыққа ие Тәуелсіз Қазақстан лайықты деп шешіпті. Бұл 25 жылда  пост кеңестік кеңістікте дербес экономика қалыптастырып үлгерген бүгінгі Қазақстан үшін жақсы ма, әлде... Біздің біліуімізше, Қазақстанның Жоғарғы билігі БҰҰ беріп отырған бұл мәртебеге таласқан емес-тін. «Героантократтық билік» жүйесіне негізделген ескі одақтың ошағын қорып отырған Ресей Федерациясы КСРО мұрагері екені даусыз, әрине. Кенеттен қабылданған БҰҰ-ның бұл шешіміне кім түрткі болуы мүмкін деген заңды сұрақ туады.  

БҰҰ-ның  Халықаралық сауда құқығы жөніндегі «UNCITRAL» комиссиясы конфиденциалды түрде 1989 жылғы Канада  мен КСРО арасындағы екі тараптық инвестициялық келісім құжаттарын қайта сараптап, ондағы геосаяси картаға сәйкес, ескі одақтың мұрагері – Қазақстан болуы керек деген шешімге келген.  Себебі  Канада сол жылдары  КСРО құрамында болған Қазақстандағы уран өндірісіне инвестиция салуға келісім жасаған. Кейін КСРО күйреген соң, бұл  келісімдер күшін жойып, Канаданың «World Wide Minerals» инвестициялық компаниясы банкротқа ұшырайды.

Канада ұзақ жылдар бойы ескі одақтың күйреуінен келген шығын үшін өтемақы талап етіп, Тәуелсіз Қазақстанды Халықаралық сотқа берген. Алайда Қазақстан  геосаяси картадағы позициясы және КСРО мұрагері еместігіне сәйкес, бұл шығынды өтеуден бас тартқан.

Енді БҰҰ КСРО мұрагері ретінде Қазақстанды атапты. Демек, канадалық «World Wide Minerals» инвестициялық компаниясы Қазақстанды қайта сотқа беруге құқылы болалы деген сөз.

Ааталған компанияның президенті Пол Кэрролл: «Біздің компания Қазақстандағы ірі уран өндірісімен айналысатын кен орнына инвестиция салып келген. КСРО күйреп, елдер Тәуелсіздік алғанда компания үлкен шығынға батты. Біз өтемақыны қазіргі Қазақстаннан талап еткенімізбен, ресми биліктің позициясы біздің арызымызды құптамады. Себебі, КСРО мұрагері           Қазақстан емес еді, дәлірек айтсақ, Қазақстан билігі мұны мойындағысы келмеді. 1989 жылғы келісімдерде инвестициялық картада салым нысаны Қазақстан деп көрсетілген»,-депті.

Кеңес өкімет келтірген зауал үшін  Қазақстан да РФ-дан өтемақы талап етуге тиіс!

Кеңес өкіметінің кәрі-құтандары билік құрған тұста қазақ ұлтының ұлттық құндылықтары тапталып, азаматтары айдауға жегілді. Кеңес одағы келтірген зауалдардың өтеуі берілмей келеді. Экономикалық, материалдық және моральдық шығынды есептемегенде, арысы Алаш күрескерлерінің итайдақты өмірі, кейін  Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қазақ даласы депортанттардың даласына айналғаны, берісі Семей полигоны жарылысы мен Желтоқсан көтерілісі үшін Кремль Тәуелсіз Қазақстаннан кешірім сұрауға тиіс еді. Өкінішке орай олай болған жоқ.  Ал БҰҰ болса, «Қазақстан КСРО боданы болды ма», деп сұрайды. Бұрыңғы Варшава келісімдеріне сәйкес, қазіргі Халықаралық заңнамалар шегінде  бұл сұрақ риторикалық сипатқа ие. Себебі, сол жылдары мемлекеттік құндылықтарға қарсы жүргізілген аннекция, деколонизация, қала берді сецессия Қазақстанның зардап шегугі позициясын айқындайды. Бұған дәлел кәрі тарих.

Егер БҰҰ-ның «UNCITRAL» комиссиясы ұсынған шешім мақұлданатын болса, онда Қазақстан КСРО-ның  болмады деген қиянатты шешім жаңа тарихта жазылатын болады.

Советтер Одағы – әлемде теңдесі жоқ зұлым империя. Оны әлемдік тәжірибемен салыстыру көп жағдайда сәйкес келе бермейді. Мысалы, КСРО-ны Африка және Шығыс Азияда колония ұстаған Нидерланды және Ұлыбританиямен салыстырып көріңізші. Міне, кезінде колонияда болған осы елдердің тұрғындары бұл күндері бірнеше ғасырлар өтіп кетсе де, бүгінгі голландықтардың ешқандай қатысы болмаса да, ата-бабалары жүз жыл бұрын жіберген қателіктерінің өтеуі ретінде сол бұрынғы империядан жеңілдіктер алады.Ао Советтер одағының қазақ ұлтына жүргізген геноцидінің бірсыпарасын еске түсіріп көрейікші; Аштық (қазақтардың 80 пайызынан астамын қырып салған, қолдан ұйымдастырылған ашаршылық), репрессия (1918 жылдан Сталин өлген 1953 жылға дейін КСРО аумағында 4 млн. адам лагерьлерге қамалды, оның 700 мыңдайы атылды, 22 млн адам жер аударылды), Екінші дүниежүзілік соғыс, қазақ даласы саяси қоқыс алаңына айналды (Біздің ұлт зұлмат пен қорлықты жеріне күштеп қоныстанғандар мен жер аударылып келгендерден де көп көрді), Семей полигоны зардаптары,  Желтоқсан көтерілісі (екінші сортты ұлт болғысы келмеген қазақ ұлтының ұл-қыздарына көрсетілген зомбылық. Ол өз алдына бөлек тақырып) т.б.  Ал бүгінгі егемен Қазақстанның геосаяси көршісі әм одақтасы, КСРО-ның заңды мұрагері Ресей Федерациясының бүгінгі зұлымдығы; Протон зардаптары (киіктердің, балықтардың, құстардың, төрт-түлік малдардың жаппай қырылуы, Березовка ауылының ұйқы дертіне шалдығуы, БҚО-да оқушылардың белгісіз дертке шалдығуы т.б.) үшін Ресей Қазақстанға өтемақы төлеуге тиесілі еді. Өкінішке орай,  бүгінгі зұлымдық түгілі бұрыңғы зұлмат үшін жауап еруді талап етуге қауқарсызбыз. Ал БҰҰ Ресейдің КСРО-ға мұрагерлігін заңсыз деп танитын болса, ескі одақтың ойраны үшін тағы да Қазақстан жауапкер болуы тиіс пе? Билік неге бұл туралы "ләм-мим" демейді?

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3269
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5650