Жексенбі, 24 Қараша 2024
Деп жатыр 4988 0 пікір 16 Маусым, 2016 сағат 13:29

ХАЛЫҚТАР АССАМБЛЕЯСЫ БИ БИЛЕП, ӘН АЙТҚАННАН БАСҚА НЕ БІТІРІП ЖҮР?

2015 жыл Қазақстан Халықтар Ассамблеясының жылы болды. Соның аясында 30 мыңнан астам іс-шара өткізіліпті. Оған ел аумағындағы 5426 елдімекендерден 9 миллионға жуық қазақстандық қатысқан. Бұл туралы www.korr.kz хабарлайды. Соғыс ардагерлеріне көмек көрсету мақсатында 413 миллион теңгеге 300 шақты қайырымдылық шара ұйымдастырылған. Екінші дүниежүзілік соғыста қаза болған 2 мыңнан астам сарбаздың моласы абаттандырылып, 15 ескерткіш пен мемориалдық кешен қалпына келтіріліпті.

Одан бөлек бірнеше ауқымды акциялар ұйымдастырылды. «Менің Қазақстаным» айдарымен жолға шыққан арнайы пойыз ұлан ғайыр Қазақ даласының шалғайында жатқан 29 елдімекенде болып, Елбасы жолдауын насихаттап қана қоймай, 50 мың адамға, соның ішінде 20 мың балаға медициналық қызмет көрсетті. Пойызға мінген түрлі саланың мамандары халыққа бизнес бастау және ауыл шаруашылығын жүргізуге қажетті ақыл кеңестерін беріп, мемлекеттен қаралатын көмек түрлерін саралап түсіндірді. Тайқазанды татулық символы ретінде дәріптеген жиындар өтті.

Күллі жаһан тек Қазақстанда ғана бар Халықтар Ассамблеясын «татулық пен тұтастықты қалыптастыратын бірегей модель» деп тамсанып жүргенде осы ұйым бағытынан айнып кеткен жоқ па деген ой туады. Өйткені, ҚХА басты міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру. Дау жоқ, той-томалақта көрш-қолаң араласып, жұрт жұмылып, жақсылықта бір-біріне жақындай түсіп, жаны жарасады. Атқарылған шаралардың елді біріктіруге, қазақ жеріндегі түрлі эностардың титулды ұлтпен етене араласып, біртұтас елдің тұрғыны етуге бағытталғанына да таласпаймын. Және, бұл ұйымның маңыздылығы мен қажеттігіне шүбаланатын ой да жоқ. Көңілге көлеңке түсіретіні –  сол шаралардың атқарылу әдісінде. Біз әлі де сол кеңес дәуірінен қалған «көне тәсілден» арыла алмай келеміз. Ұтқанымыздан ұрандатқанымыз көп. Сенбіліктер сол күйі, ал бронепоездардың орнына арнайы пойыздар. Ал, сол пойызбен бірге аттанған мамандардың тұрғылықты жеріндегі тұрғындар да көмекке зәру еді ғой. Сонда, Тәуелсіздік  алған 25 жыл ішінде арнайы пойыз шығаратындай бізде ауылдағы ағайын әлі де болса қажетті маманның кеңесіне қолы жетпей, медициналық көмек ала алмай отыр. Неге?

Егер, ҚХА заңдық уәкілеттілік беріп, мысалы, мемлекет тарапынан халыққа ұсынылып отырған қызметтердің сапасын тексеру құзыреті берілсе басқа гәп. Сонда қаншама маманды жұмыс орнынан алысқа алып кетудің де, арнайы пойыз жасақтаудың да қажеті болмас па еді?! Жергілікті жердегі атқарушы органның қызметі де тағы бір ұйым тарапынан бақылауға алынып, жұмысы жөнге келер ме еді? Әсіресе, билік пен халықтың арасында тағы бір алтын көпір артықтық етпейтіні ақиқат. Әйтпесе соңғы уақытта қазақстандықтардың билікке деген сенімі азайып барады. Жер дауына қатысты бұл ұйымның жұмған аузын ашпағаны да түсініксіз. Қазақстанның жері осында тұрып жатқан барлық азаматқа қастерлі болуы керек шығар. Сонда деймін-ау, «Мәңгілік елдегі» түрлі эностардың атынан сөз ұстайтын ұйымның сол оқиғаларға қатысты өзінің позициясын ашып айтпағаны қалай? Елдегі саясатты насихаттайтын органның басшылары халықты сабырға шақырып, не сол Кодекстің түсініксіз тұстарын халық арасында ұғындыру жұмысына атсалыспай отырғаны, ол да бір түйнек боп қалды елдің ішінде.

 Жалпы, ассамблеяның құзыретін заң жүзінде кеңейту бұған дейін де айтылған. Былтырғы жылдың соңында Қазақстан Халықтары Ассамблеясы туралы заңға өзгеріс енгізілді. Енді бұл ұйым Қазақстандағы жалпыұлттық тұтастық пен бірлікке атсалысатын болады. Өйткені, Ассамблея қазір тек ұлтаралық қарым-қатынас пен татулықты нығайтудың құралы ғана емес, елдегі тұрақтылықтың бір тұғырына, дамудың құрамдас тетігіне айналуы тиіс. Ол үшін мәдени шаралар өткізіп, ұлттық киімде би билеу аздық етеді.

Abai.kz

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5658