Жексенбі, 24 Қараша 2024
Деп жатыр 5638 0 пікір 16 Маусым, 2016 сағат 13:24

БАЯННЫҢ БАЙЫ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ

Facebook әлеуметтік желісінде Нұрталап Пернебек есімді қолданушы өзінің Баян Есентаева күйеуінен ажырасса, оған үйленуге әзір екенін білдірді, – деп хабарлайды «juldizdar.kz» порталы.

«Әйгілі продюсер Баян ханымның жағдайы ел болып талқыланып жатыр ғой. Жеке өзім ол кісімен таныстығым жоқ, бірақ талантын бағалаймын. Аман-есен ауруханадан сауығып шығуын тілеймін. Енді жұрт оны «Күйеуімен ажырасатын болды» деп жүр. Әйеліне қол көтерген еркектің барар орны белгілі ғой. Баян ханым жолдасымен ажырасып кетсе, мен ол кісіні жар етіп алуға дайынмын. Екі қызы да бой жетіп отыр екен. Өзім туралы айтар болсам, 34 жастамын. Бұрын үйленбегенмін. Бойымда кемшілігім жоқ. Алматылықпын, бүгінде Астанада тұрамын. Жұмысым тұрақты. Табысым да жаман емес», – деген ол желі қолданушыларын өзінің бұл сөздерін күлкіге айналдырмауын сұрайды.

Баян Есентаева (тұрмыс құрғанға дейінгі фамилиясы Мұхитденова)– продюсер, әнші, тележүргізуші. 1974 жылы туған. Shine Production продюсерлік орталығының жетекшісі.

10 маусым күні Баян Есентаева соққыға жығылып, Алматы облысы Талғар аудандық ауруханасына жатқызылды. Соққыға жыққан күдікті ретінде күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынды. Дәрігерлер продюсердің денсаулығы жақсарып келеді деп отыр.

Abai.kz

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5655