Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
46 - сөз 10853 0 пікір 16 Маусым, 2016 сағат 12:21

ЛЕГИОНЕРЛЕР НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Жалпы легионер (шетелден әкелінгендер) спортшыларды не үшін шақырады? Танымал шетелдік спортшыны әкелу бір жағынан нәтиже әкеледі, бір жағынан жас спортшыларды үйретеді, сол спорт түріне деген қызығушылықты дамытады. Бұрын тек клубтық деңгейде болса, қазір Ұлттық құрамаларға да легионер келе бастады. Бұл нені білдіреді?
Бұл бізде спорт дамымай жатқандығын білдіреді. Егер легионерлер ұзақ уақыт қалып және жаңалары әлі де келе бастаса - демек бізде спорттың жағдайы нашар, дұрыс бағдарлама қалыптаспаған, өз спортшыларымызға жағдай жасалмаған деген сөз. Ал, легионер әкелу қымбат болса да оның уақытша әкелетін нәтижелері алдымен бапкерлердің, одан кейін спорт басқармаларының, сосын әкімнің, министрдің ұпайлары үшін керек. Сондықтан да ұзақ мерзімді бағдарлама арқылы өз спортшыларымызды дайындаудың орнына сырттан келген келімсектің уақытша нәтижелеріне мәз болып жүр көп адам. Иә, Қазақстанның аты шығып, жақсы жарнама болып жатыр. Бірақ, кейін қалай болады? Ақша бітеді, легионерлер кетеді. Сонда бүгінге дейін үрілген шар да жарылады, мейрам аяқталады, спорттағы шын келбетіміз көрінетін болады.

Биылғы Олимпиадаға да біздің атымыздан талай келімсек барады. Ал, оның орнына қаншама өзіміздің спортшылар бара алар еді. Мейлі медаль алмасын, бірақ тәжірибе жинақтар еді, келесі жарыстарда алар еді. Жеке мен үшін легионердің алтынынан қазақстандық спортшының 6-шы орыны құндырақ.

Аршат Ораздың "Фейсбуктегі" парақшасынан алынды

Abai.kz

 

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1402
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2978
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1047
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 981