Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 3920 0 пікір 16 Маусым, 2016 сағат 11:50

ШИБӨРІНІҢ ТІРЛІГІ

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының қылышы жалаңдап тұр. Əсіресе қазақ спортшыларына келгенде ерекше шабытпен жұмыс істеуі көкейде көп күдік қалдырады.
Алдымен Алмас пен Жасұланның тобығынан қағып түсті. Ел, мемлекет боп қорғай алмадық. "Допинг қабылдаса, қабылдаған шығар" деп құлағымыз салбырап отыра бердік. Енді міне, Илья, Зүлфия, Светлана мен Маяларға ауыз салды.

Жарайды, қанның сынамасы алынады екен. Ол арнайы жағдайда сақталатын көрінеді. Сенейік. Бірақ осы арадан шикілік байқаймыз. Біріншіден, неге қанды осыдан төрт жыл бұрын егжей-тегжейлі зерттемеген? Əлгі тыйым салынған дəрмек неге сол кезде табылмаған? Төрт жыл бұрын көзден таса етіп алған дүниені енді тапса, онда Халықаралық ауыр атлетика федерациясының жұмысына, ондағы мамандардың біліктілігіне күмəнмен қарауға толық құқымыз бар.

Екіншіден, төрт жылдан бері спортшылардан алынған қан сынамасына допингті басқа біреудің қоспағанына кім кепіл бола алады? Əлдекім қанға допинг қоса салуы мүмкін ба? Əрине, мүмкін.
Жалпы бар ғой, мына халықаралық қоғамдастықтың əрекеті барып тұрған бопса сияқты. Осының өзінде бізден миллиондап ақша сауғысы келіп, көзін сатып отырғандай əсер қалдырады. Əйтпесе, əлдеқашан тарих қойнауына енген толғайлар жеңісінен аяқ асты кінəрат іздей ме? Олимпиада тақалғанда ілік таба ма? Осы уақытқа дейін айға бата оқып не шошқа тағалап отырып па?!

Өмірінде бір рет жеңілмеген, жалпы жеңіліс деген ұғымнан бейхабар Илья батырды допинг қабылдады деу миға сыймайды. Екі дүркін Олимпиада, төрт дүркін Əлем чемпионы болған Ильинге жабылған жала бұл. Қыздарға қатысты да осыны айтуға болады.

Əлде де əділеттіліктен үміттіміз. Елдің атын алты құрлыққа əйгілеп, əнұраныңды көк жүзінде қалықтатып келе жатқан толғайларға мемлекет барынша қолдау көрсетеді деп сенеміз. Əйтпесе, Алмас пен Жасұланның күйін кешіп қалуы бек мүмкін.

Сосын бар ғой, қаһарманыңды қаралап жатқанда қоса табалағанды қою керек. "Жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартыптының" керін жасамаңдар. Бөрі деп əншейін сөздің салтымен айтып отырмыз. Əйтпесе, шибөрінің тірлігі мынау...

Ержан Байтілес

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5671