Жексенбі, 24 Қараша 2024
Билік 5074 0 пікір 14 Маусым, 2016 сағат 11:56

ҚОШ, ҰЛТТЫҚ АРНА!


Сонымен, Тәуелсіз еліміздің 25 жыл ішінде қол жеткізген қазақ тілді арна, Елбасының айтуымен орындалған мелекеттік тілде ақпарат тарататын жалғыз арна - «Қазақстан» күйреп тынды!

Күйремегенде несі қалды, маусымның 9-нан бастап үш күн қатарынан Мәскеудің «МузТВ премия 2016» жобасына орыс тілінде күнделікті шолу жасап, тіпті тұтастай ұзақ-сонар трансляцияла жасап тыраштанды. Қазақ арнасында - таза орыс тілінде! Максим Галкин мен Ксения Собчак қазақтың ұлттық арнасында өз тілінде армансыз сайран салды. Сөйтіп ұлттық арна саясаттың, нарықтың, қаражаттың аяғына жығылды.

Басында таза, тек мемлекеттік тілде ғана хабар жүргізеді деген «Қазақстан» ұлттық арнасы футбол матчарын екі тілде жүргізуден бастап-ақ ең басты қағиданы - таза қазақ тілінде хабар тарату қағидасын барынша бұзды.

Оның үстіне, әлі еліміз ресми көшпеген латын жазуына ресми арнаның көшіп, тіл шұбарлағаны қай сасқаны («Aрta.kz», «Kaznews»)? Міне, басты қағиданы осылайша түп-тамырымен күлін көкке ұшырды! Еті өліп кеткен, бәріне төзгіш қазаққа бәрібір деп, арна басшылары ойына келгенін істей бере ме?

Тұрсын Таңатаров, Қостанай қаласы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1501
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3271
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5686