Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 6467 1 пікір 10 Маусым, 2016 сағат 11:32

МҰСТАФИННІҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚҚАН ҚЫЗ

«Жалын» альманағының 1985 жылғы №1 нөмерінде көрнекті жазушы Ғабиден Мұстафиннің жарық көрген «Қарақтарым» атты соңғы арнау сөзінде былай деп жазғаны бар: «...Бір күні автобуста келе жатып қатар отырған екі әйелге көзім түсті. Бірінің жасы жиырма-отыз аралығында, ерні қызыл бояу, көзінің үсті көк бояу, ұзартылған кірпіктері қара бояу, башмағынан шығып тұрған башпайының тырнақтарын да қызылмен бояп тастаған, омырауы ашық, көйлегі жетпейді, жеткен жерінің өзін жапқаны шамалы –сүзгідей сирек матадан денесі көрінгендей. Қасындағының жасы отыз-қырық аралығында. Мұның құмары алтын екен. Он саусақтың алтынсызы бірен-саран, қайсыбіріне тіпті екі жүзіктен киіпті... Осы сәтте автобусқа бір кемпір кірді. Көтерген себеті бар, жөтеледі, ентігеді, жан-жағына қаранып орын іздейді. Әлгі екі әйел дәл қасында қалтаңдап әзер тұрған кемпірді елемейді. Сол мезет соңғы жақта отырған қарақат көз қыз орнынан атып, тұрып жүгіре басып барды да, кейуананы қолтықтап әкеліп, өз орнына отырғызды. 

- Бұл кісі шешең бе, әжең бе, шырағым? – деп сұрадым қыздан.

- Екеуі де емес, танымаймын, - деді қыз. Сөйлеген кезде екі беті қызарып кетеді екен. Ибалылық деген осы. Сірә, мені таныды ғой деймін, сәлден кейін:

- Сізді автобуста көрем деп кім ойлаған. Қандай тамаша болды,- деді батылсыздау үнмен.

- Автобус – көптің көлігі. Көппен бірге болу әбес пе?

Аялдамаға келіп қалыппыз. Қыз сөзін аяқтай алмай, қош айтысып түсіп кетті. Кішкентай қылығымен-ақ бәрімізді риза ғып кетті...».

**

Үзік үзінді біраз нәрсені аңғартқандай болды. Алғашқы келген ой: жазушының көңілінен шыққан ибалы қазақтың сол кездегі талдырмаш қызы бүгінде қандай ана, қандай әже болып отыр екен? Ұрпақтары бар ма екен?! Бізде қазір бәрі керісінше болып кеткен тәрізді. Бүгінде көлікке мінген қарттарға жастар емес, көбінесе орта буын өкілдері орын ұсынатын тәрізді?

Римма Жақсылықбаева

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3269
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5650