Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 4836 0 пікір 8 Маусым, 2016 сағат 14:01

БІЗДІҢ ҚОҒАМ - ТҰЛҒАСЫЗ ҚОҒАМ

 

Біздің қазіргі қоғам - Тұлғасыз қоғам. 
Қазақтың ең жаман қасиеті - "батыр" іздегіштігі. 
Рас, өткен ғасырларда артына 2 мыңнан аса сарбаз ерткен әр Тұлға батыр атанатын. Елі мен жерін қорғауға батырларымыз сол артынан ерткен қалың қолымен аттанатын. 
Бұл ғасырдың батырлары тым бөлек... 
Қажыгелдинді, Әблязовті, Әлиевті батыр еттік... Енді міне, сапқа "түрмеде отырып, төңкеріс жасамақ" болған Төлешев қосылды.
Елдің жоғын жоқтап, мұңын мұңдайтын, ұлты үшін жаны ауыратын Азаматы жоқ ел болған соң, біздің батырлардың да тұрқы өзгеше бола бермек.
Батырлық деген қазір бірлікте ғана...
Мынандай қоғамда өз ойын ашық білдіріп, билік һәм өзгелер шашқан тарыны шоқымаған адам - батыр. 
Кеше ғана ел болып, "ішіп-жеп қойды" деп қаралаған адамдарды ақтайтын заман туып келеді. Батыр іздеп жүрміз ғой, өйткені...
Табамыз... Өз басым қазіргі биліктің "біржерін" жалап жүргендер де батыр болып шыға келсе таң қалмаймын...

Қанат Әбілқайыр

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5625