Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Әдебиет 9538 0 пікір 7 Маусым, 2016 сағат 08:38

ҚАЛМАХАННЫҢ "1001 ТҮНІ" НЕМЕСЕ БОРХЕС ПЕН МОРОЗОВ

Бізден бір нәрсе бүгіліп келді. Ол түркі классицизмнің асыл туындысы – «Мың әфсана». Амал не жөйіттер түпнұсқаның бәрін құртып, Антуан Галланның фр. Antoine Galland1 1646-1715) французша туындысын араб тіліне аударып, жалған араб жаһұтын өмірге әкелді. Антуан Галланның «1001 түнін» ескі ұғыммен аударма деуімізге де болады, немесе жаңа түсінікпен түркінің нәзирагөйлік дәстүрінің Еуропа топырағындағы жалғастығы деуімізге де болады. Бұған дәлел орта ғасырлық серілік романдардың түркі романдық дәстүрін өзіне сіңіріп, әуелі еуропалық қыпшақ тілінде жазылып, кейін Ватикандық латын тілдеріне аударылғаны. Шармақшылар қай тілде сөйледі, қай тілде орта ғасырлық серілік романдарды жазды, амал не, бұл туралы біздің әдебиеттанушы медиевистиктеріміз әлі күнге үнсіз келеді. Себебі олардың түпнұсқалары не жойылған, не Ватикан кітапханасының рухани-мәдени зынданында жатыр.

Антуан Галлан (аударды-мыс делінетін бірінші томды 1704 жылы классицизм теоретигі Буало мадақ-марапасын аямаған париж баспагері Барбен шығарды. Кітап кіріспесінде Сириядан алынған төрт жинаққа енген жеті ертегіні аудардым дейді тәржімашы. Кейін ол жинақтың төртеу емес, үшеу екендігі анықталды. Камар аз-Заман ертегісі аяқталмаған деп саналады. Осы ертегіні Қалмақан өзінше, Галлан өзінше аяқтады. Пети де ла Круа, — «Зейн ал-Аснам» және «Худадад» ертегілерін қосты. 1709 жылы Галлан Алепполық маран (христиан жөйіт) Ханна Диябтан «Аладин және Әлибаба» ертегілерін 1001 түнге енгізді. Эдвард Уортли Монтегю (1713-1776) 1763-1765 жылдар аралығында осындай бір көп томдықты алып келді. Ол қазір Оксфордтың Бодлеан кітапханасында сақтаулы.

Түркі классицизмнің асыл туындысы – «Мың әфсананың» толық жинағын санскрит тілі арқылы түркі тілінің көнелігін жоққа шығаруға жол ашқан салыстырмалы-тарихи тілтанудың атасы саналатын Сэр Уильям Джонс (ағыл. Sir William Jones: 1746-1794) жоқ қылып жібергені факті. Бірақ ол араб тілінде жазылғанды жоғалтып алды-мыс делінеді. Борхес өзінің «1001» түн аудармашылары” әңгімесіне осы әлем әдебиетінің жаһұтын тегін өзек етіп отырған жоқ.  Осы туынды туралы жер жаһанда түрлі тілдегі түрлі ділдегі, түрлі діндегі адамзат баласы қаламынан талай құнды дүниелер жазылды. Борхес алаш романдық дәстүрінің қазанының қақпағын ашып берді. Біз соған дайынбыз ба!?

«1001 түн» әлем әдебиетінің даулы жаһұты. Бұл дауға түркі әлемі оның ішінде қазақ пен өзбек әлі араласа қойған жоқ.

Түп негізі түркілік (қазір бір ауыздан «Парсының 1000 әпсанасы» делініп жүрген, енді бірде ІХ-Х ғасырда өмір сүрген Масуди Әбу-әл-Хасен Әли ибн Әл-Құсейіннің туындылары негіз болды дейтін) «1001 түннің» Қалмақан Әбдіқадыров аударған нұсқасы Орта Азияның қырғыз бен өзбек тілдеріне аударылған поэтикалық көркемдегі аса жоғары   туынды болды. Кейін, Ғабит Мүсірепов түрткі болып Қалтай Мұхамеджанов орыс тіліндегі 8 томдық академиялық басылымы бойынша «1001 түнді» 1990 жылы толық аударып шыққан еді. Жарық көруі ұзаққа созылды. Оның ішінен іріктеп алған таңдамалы ертегілерінің С. Оспан алғысөзін жазған элнұсқасын madenimura.kz сайтынан оқи аласыздар.

Енді «1001 түннің» Қалмақан Әбдіқадыров аударған нұсқасы делінетін Орта Азияның қырғыз бен өзбек тілдеріне аударылған поэтикалық көркемдегі аса жоғары   нұсқасы төңірегінде ой қозғайтын сәт туды. Біріншіден Қалмақан Әбдіқадыровқа дейін Орта Азия мен Ресей империясы құрамындағы түркі халықтары арасында шағатайланған қазақ тілінде қисса-дастандар кең тарады. Оны жазған қазақ халықтық романдық дәстүрін өмірге әкелген «кітәби ақындар» еді. Қазір шартты түрде 20 миллонға жуық тиражбен тараған қазақ халықтық романның желкесін крилл жазуын енгізген қызыл империя қияды.

Екіншіден бұрын қазақ шағатайын және түркіленген тәжік шағатайын оқи алатын халықтық романдық дәстүрі жоқ қолдан жасалған қос ұлт қырғыз бен өзбек өздерінің КСРО жасап берген ана тілі мен жазба тілінен көз жазып, тағыда қазақ тілінің бестселлерлік экспанциясына ұшырамауы үшін «1001 түннің» Қалмақан Әбдіқадыров аударған нұсқасы делінетін туынды аталған жасанды тілдерге аударылды.

Үшіншіден, «1001 түн» Қалмақан Әбдіқадыровтың төл туындысы. Атамыз бұны айта алмай кетті. Өйткені, еуротектілер араб «1001 түні» дейтін туынды болған емес. Оны еркін ой толғам арқылы жаңа түркілік нұсқасынан қазақша жазып шыққан Қалмақан Әбдіқадыров болды. Қазақша «1001 түн» авторлық жазба ертегі. Бұған дейін ол 1870-1928 жылдар аралығында романдық дәстүрдегі қисса-дастан түрінде «кітаби ақындарымыз» тарапынан әдеби процесте орын алды.

Хорхе Луис Борхестің «Мың бір түннің» аудармашылары деген кітабы бірінші рет 1936 жылғы «Мәңгілік тарихы» жинағының 397 – 413 бетеріне еніп, сол бойынша орыс тіліне аударылды.

Орсыша тәржімада олар төмендегідей қысқартулармен берілген: Borges J. L. Obras complйtas. 1923 – 1972. Buenos Aires, 1974. – OC; Borges J. L. Prosa complеta. Barcelona, 1980. – PC; Borges J. L. Textos cautivos. Ensayos y resenas en «El Hogar» (1936 – 1939). Barcelona, 1986. – ТС; Borges J. L. Prologo (con un prologo de prologos). Madrid, 1974. – PPP; Borges J. L. Siete noches. Mexico, 1981. – SN.

Borges J. L. The Aleph and Other Stories (1933 – 1969). Together with Commentaries and an Autobiographical Essay. Ed. by N. T. di Giovanni. London; Picador, 1973. – A OS; Алексеев В. Album romanum. M., 1989. – BA.

Біз аударманы Бохестің өз туындысынан емес, атақты аргентиналықтың таныс болған болмағанынан еш хабарымыз жоқ православ әлемінің  ойшылы Николай Александрович Морозовтың «Христос» («Жаратылыстану-ғылыми ауқымда пайымдалған адамзат тарихы») атты көп томдығымен автордың туындылары әрі тақырыптық, әрі мағыналық жақтан үндесіп келеді. Басқа ділдегі Шығыс адамның қабылдауы қиын қисындар алға тартылады.

Кеңес Үкіметін қабылдамаған орыстың эмиграциядағы өнері мен ғылымы Латын Америкасы елдерінің интеллектуалды дамуына зор үлес қосқаны белгілі. Осылардың бірі арқылы Борхестің 1924–1932 жылдары мәскеу–ленинград мембаспасынан шыққан Николай Александрович Морозовтың «Христос» көп томдығының ұзын-ырғасымен таныс болғанын жоққа шығар да алмаймыз, не теріске шығара да алмаймыз. Себебі үндестік өте көп...

Әлемдік барша дінге қатысты сыни-пікірлерін құп көрген кеңестік ғылым Николай Александрович Морозовтың өздік көзқарасына саяси мән беріп, оның «Христос» көп томдығын 1924–1932 жылдары мәскеу–ленинград мембаспасынан (ГИЗ) қолайларына жаққанын қалдырып, қалғанын цензураның қанды қылышымен қиып, 7 том қылып шығарған болатын, әрі ғұламаның көп еңбегі оған кірмей қалды, әрі кейбір бөлігі жоғалып та кетті. Кейін КСРО құлаған соң, 1997–2003 жылдары мәскеудің Крафт+Леан баспасы бұрын жарық көрмеген ақылманның қолжазбаларын қосып 10 томдығын шығарды. Осы кейін шыққанның ішінде «Тарих шөлінің сағымы» аталған 10-шы томның  «Жалғаназиаттық беллетристикасының ғажайыптары» атты үшінші бөлімнің бесінші тарауы «1001 түн» ертегілер жинағы қайда қашан пайда болды» деп аталады. Әрі бұл жазба нүкте қоярлық емес, жүгіртпе жазбалық нұсқасымен бізге жетіп отыр. 

Біз осыны орыс тілінен ықшамдап тәржімалап ұсынып отырмыз. Осы аудармадан кейін барып атақты аргентиналықтың туындысына жол берілетін болады. Морозовтың көзқарасынан бөлек «1001 түнге» байланысты «1001 түн» ертегілер жинағы қайда қашан пайда болғандығы» турасында өз болжамдарын жасаған Хаммер-Пургшталь, де Саси, Лэйн және Эструп гипотезаларына кейін тоқталатын боламыз.

«1001 ТҮН» ЕРТЕГІЛЕР ЖИНАҒЫ ҚАЙДА ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ»        

 «Мың бір түннен» алынған осы бір ұзақ, бірақта біршама қысқартылса да, түпнұсқаның көшірмесінің шырайын аша алуыма оқырманым мұрсат бермейді. Адамзаттың мәдени ақыл-ойының көне және орта ғасырлық жәдігерлерін зерделеген шағымда осы бір атақты шығарманы талдаудан айналып өте алмадым.

Оқырманға өте танымал жинақ туралы жазудың опа әпермейтіні бар,  бірақ мен, жүз оқырманның 99-ы  «Мың бір түннің» атын ғана білмейді, бір кезде оқыған болса, ізін ала мазмұнын естен шығарып алатындығын алдын ала білдім. Оның үстіне сенімді болуы үшін бұдан ары айтарым, маған оқырманыма қажетті жаңаша әсерді тудыруым керек.

Ең алдымен әңгіменің құрылымын жіліктеуден бастайық. Бұл өзі Одиссеи мен евангелия сияқты қырықаяқтың аяқтарындай бір жерге жіптей тізіліп, кірпіштей қаланған түрлі шырғалаңды бастан кешулер немесе бір кейіпкердің басынан өткен оқиғаларға құрылған жеке аңыздың сан тарамдық әңгімеленуі емес. Бұл біз талдап шыққан Нал мен Дамаянти сияқты алдын ала ойластырған шешімге құрылып, оқиғалар барысы екі немесе бірнеше арнада өрбіп отыратын тізбектік роман емес.

Біз орта ғасырлық бунақтық әңгімелерді көпбунақты мақұлықтарға теңесек, тізбекті әңгімені омыртқалы хайуандарға балаймыз... Біздікі олардан бөлек сәулелік әңгімелену.

 Осындай сәулелік әңгімелер типінде пролог қатысушылардың өздері туралы дербес әңгімелеулеріне ұласып, әрқайсы өз бастан өткергенін баяндап шыққан соң, ортақ эпилогпен аяқтап отырады. Бунақтықтан кейінгі беллетристикалық шығармашылықтың екінші басқышы жаңа типтегі тармақтық романдарға дайындықтың бастауы деп түсінеміз. Әрі бұндай тип Қайта Өрлеу дәуірінің бастапқы кезеңінде кеңінен тарады. Ол жекеленген әңгімелердің фантастикалығымен сипатталады. Қаһармен өте жиі жасанды сөйлейді, өзінің репликасын, өзінің шығаруға уақыты мен мұршасы болмаған тұтас өлең шумақтарын кірістіре отырып, сарыуайымға толы сөздер және әдепті эротизмдік іс-әрекеттермен бірге әдет-ғұрыптың асқан қатаңдығы қойындасып жүреді.

Әңгіменің эпилогында автор өте жиі өзінің қатысушы тұлғаларға прологта берген мінезіндемесін тарс есінен шығарып та алады. Мысалға, жас жүк тасушының алдында тырдай жалаңаш шешініп, мойына асыла кеткен бикештеріміз (Жүк тасушы туралы хикаяттағы) оқиға соңында етегін жел түрмеген ханымдарға айналып шыға келеді.

Тап осындай фантастикалық туындылардан құрылған орта ғасырлық еуропа әдебиетіне де тән болып келетін «1001 түн» жинағы қайда құрастырылды деген заңды сұрақ алдымызды кес-кестейді?

Бұл орайда бізге айтатыны:

Осы алапат зор ертегілер жинағының дәнегі қайда жоғалып кеткені белгісіз «Хезар Эфсанэ» деп аталатын парсы ертегілерінің жинағы (осы жинақ өмірде болды ма, екен өзі, егер болса, бұл иезуиттер аярлықпен отқа өртеген түркінің «1000 ертегісі» шығар бәлкім – Ә.Ә.Ә.), яғни, осы «мың ертектен» бір ертекті таңдап алып,  әр таң сайын Шехерезада мойына іліген дар дұзағынан құтылып отырады.

«Осы қолайлы құрастырылымға, — дейді бізге, — негізгі парсы (түркі деп ұғыңыздар) әңгімелерінен бөлек көптеген кірістірме анекдоттар еніп, түрлі уақытта түрлі әңгімеленушілер тарапынан қилы өзгеріске ұшырап отырды. Әлдебір жүйеліліктің орын алуы еш мүмкін еместін. 809 жылы дүниеден өткен Гарун-ар-Рашид шығарма бойында өте жиі кездеседі, сол себепті бұл ертегінің көнелігі біздің заманымыздың IX ғасырының қойнауына кетіп, сонымен бірге оның құрастырылуы энциклопедиялық сөздіктерде көрсетілген XV ғасырдың еншісіне тиеді». (Бір өкініштісі – осы әңгімелерде қарапайым жауынгер киімімен байтағын аралап жүретін римдіктерге ұнамайтын Еділ патшаны Гарун-ар-Рашид алмастырды).

Бұл дәл ме, әлде тіптен өте кеш пе?

Ең алғаш жер шарының оқырман қауымы (католиктік пен протестанттық еуропалықтар – Ә.Ә.Ә.) осы бір тамаша туындымен тек қана қай кезде Парижде әлдебір Галлан қазіргі біз бөліп жүргендей емес, бар болғаны 282 түннен тұратын шағын-шағын 12 томдықты жарыққа шығарған 1707-1717 жылдары аралығында таныса алды. Олар XVIII ғасырға тән француздың талғампаз мәнерімен жазылды. Басында жұрттың барлығы жел болмаса шөптің басы қимылдамайды дегендейін Галланның фантазиясының жемісі деп санады. Өйткені, Галланың өзі баспагерге оларды «Галланға белгілсіз әлдебір жинақтарды білетін» Алепполық бір мәсіхшінің  айтуы бойынша жазып алғандығын айтқан еді. Аударма жасалған араб қолжазбасын көрсетші деген кезде Галлан ол жоғалып кеткен деп мәлімдейді, әрі мұсылман қауымы өлседе айтпайтын сөздермен қатар, діни ұстанымды терістеуші географиялық және тұрмыстық қателіктер өріп орын алады. Ол туындыға еш  сорпасы қосылмайтын (бәлкім оның рұқсатынсыз енгізілген) бірнеше хикаяттарды баспагер-кітап сатушының қойыртпағы деп мәлім етті. Ол Галланның келісімінсіз жинаққа баспашы тарапынан енгізілген сыңайлы. Бұл әсіресе 12 томның ішіндегі 8 томға қатысты онда Шехерезада кейінгі дәуірлерге тән ертегілерді әңгімелейді.

Бірақ өзі жазушы емес, кітап саудалаушы кітаптың шығарылуы оның авторының түзету енгізілуінсіз орын алмайтын шақта Галлан аудармасына бөгде туындыны қалайша енгізіп жіберген? Енді осының бәрі еуропалықтар кеш аңғарған арабтық түпнұсқаны  бұрмалаған «Галланның еркін аудармасы» деп аталады, бізге «бұл арадағы  Галланның өлшеусіз еңбегі  — деп айтады, — XVIII ғасырда ол бірінші рет мүлдем жаңа, әрі бұрын ешкім білмеген әдебиетпен жұртты таныс етіп, Шығысқа деген қызығушылықты тудырудан тұрады». Ол бұл ашылымын жасаған кезде   «шығыс әңгімесі» сөзбен түрлі еркін идеяларды өрістетудің, әлемнің кілтін ұстағандарды мазаққа ұшыратудың оңтайлы бетпердесі болатын, әрі арабтар мен парсылардың өңі түгіл түсіне кірмейтін шығыстың шекпені ең көкейкесті заманалық тақырыптарды  сын садағына алу үшін аса қолайлы болды».

Ғұмырнамашылар2 тап осылай десе біз өз тарапымыздан оған бар болғаны айран асыр еткізіп, шек тартырар бір ғана фактіні қоспақшымыз.

Біздің бұған дейін бір білгеніміз «1001 түннің» Галлан аудармасын жасаған 12 томдықтың 1707 жылдан бастап, 1717 жылға дейінгі аралықта жарық көргендігі. Бірақ оның алғашқы екі кітабының бас айналдырар табысқа жетуі оған еліктеушілерді тудырды. (Пети де ла Круа «Парсы сұлтаны мен оның уәзірлерінң тарихы» (1707), «мың және бір күн» (1710–1712), Т.-С. Геллет – «Татар ертегілерінің 1001 бөлікті ширек сағаты» 1712 жылы және  1723 жылы «Мандарин Фум-Хоаманың таңғажайып бастан кешулерінен тұратын қытай ертегілері» - Ә.Ә.Ә.).

 Галлан арабшадан аударды-мыс делінетін «1001 түнмен» қосанжарласып, парсы тілінен тәржімалаған делінген Пети де ля Круаның (Petis de la Croix) «1001 күні» де шығарыла бастады. Галланның бірінші кітабынан кейін араға үш жыл салып, ол өзінің бірінші томын шығарса, Галланның соңғы томынан бес жыл бұрын өзінің соңғы (бесінші) томын аяқтай білді.

Әрі осылайша біз 1710-1712 жылдардың аралығында қос париждік шығыстанушы қаламгерлер арасындағы өз жағдайындағы күлкі тудыратын оқиғаға айналған бәсекелестіктің көрігі қызды. Галлан өзінің «1001 түнінің» әр томын шығарған сайын оған жауап ретінде Пети де ля Круа өзінің «1001 күнінің» бір немесе екі томын шығарып үн қосып отырса да, араб «түніне» қарсы парсы «күні» айтарлықтай қауқар қылып, бәсекелес болып жарытпса да, ХІХ ғасырдың соңына дейін тіпті әйгілі болып түрлі тілдерге аударылып, бірнеше мәрте қайыра басылып та шықты.

Енді А. Крымский4  орын алған осы оқиғалардың бәрін қалай сипаттайды соған тоқталайық.

«Мың және бір күннің» 1 шығарылымының алғы сөзінде баспагер (бәлкім Пети де ля Круаның өзі болар) бұл жинақ бозбала кезінде атақты испаган шейхы Мохлис жазған парсыша «Хазар о йакьруз» деп аталатын парсы ертегілері мен хикаяттарының жинағы болып табылады. Осы испаган суфилерінің «ақсақалы» болып саналатын шейх  Мохлиспен (le célebre dervis Mocles) Пети де ля Круа 1675 жылы кеңіне танысады. Ол 12 шәкірттің қаумалуымен жұрт арасына шығып, елдің ған емес, ақсүйектер мен парсы шаһы Солейманның да құрметіне ие болған жантын. Өзінде көптен сақталынып келген, бозбала кезінде жазған «Хазар о йакьруз» жинағын Пети де ля Круаның көшіріп жазуына рұқсатын беріп тұрып, осы жинаққа енген ертегілер мен хикаяттар парсы мәнеріне салынып, қайыра түзілген үнді комедияларының сюжеттері, тек қана әңгімелік емес, сонымен бірге драмалық формадағы үнді  комедиялары деп түсіндіреді, алғы сөзді жазушының айтуынша олар барша шығыс тілдеріне аударылған оның ішінде түрік тіліндегісі «Жеңістен кейінгі рахат» деп аталады (біз бұны ең түпнұсқа деп ұққанымыз жөн – Ә.Ә.Ә.). осы түркілік аудармасының қолжазбасы «Жеңістен кейінгі рахат» атауымен à la biblio thèque du roi (яғни, парсы шаһының кітаптар қоймасында немесе Людовик XIV кітапханасында сақтаулы ма деген сауалды қояды А. Крымский). Парсының «Мың бір күні» мен арабтың «Мың бір түнінің» жалпы аңыстағы және жосықтағы ортақ ұқастықты Галанның аударғанынан шығарып, ойды түйіндесек, - дейді ары қарай жалғасқан «1001 күннің» алғы сөзі, - осы жинақтардың бірі оның екіншісіне еліктеушілік болып табылады да, «араб ертегілерінің қашан құрастырлығанын біз нақты біле алмаймыз, әрі парсыдан не бұрын, не кейін құрастырылды деп те тап басып айта алмаймыз».

Осы алғысөзде айтылғанның бәрі айдан анық күмәнді. Пети де ля Круаның артында қалған күнделігіне жүгінсек, онда дәруіш Мохлис туралы біршама сөз етіледі, бірақ осы күнделіктің еш жерінде  Мохлистің қай кезде «1001 күнді» құрастырғаны ауызға алынбайды. Күнделікте дәл осындай парсы жинағының болғаны кезікпейді, осы күнге дейін тап осындай атаумен немесе мазмұнмен әлдеқандайда бір парсы жинағы ұщырасқан емес. Ал, «Жеңістен кейінгі рахат» атауымен аталатын Шығыстың беллетристикалық жинақтары бірнешеу болғанымен, ешқайсы да  «Мың бір күн» баспагерінің  бозбала Мохлис дәруіш жасаған дүниеден ертерек туған «үнді комедияларының түркілік аудармасына» еш келіңкіремейді. Біз еш күмәнсіз осы кітаптың барша алғы сөзінде айтылғандар Галланның «1001 түнімен» табысты бәсекеге түсу үшін жасалған баспагердің мистификациясы деген ойға келеміз. Ешқандай «Хазар о йакьруз» атты парсы жинағы болған емес, «1001 күн» тек Пети де ля Круаның өзіне ғана мәлім әлдебір дерек көзі бойынша құрастырылған. Бір мәлім жайт ол көп дүниені өз саусағынан сорып шығарса да, барша жинақты оның жеке туындысы деп еш санауға болмайды, оған енгендердің арасында және шығыс тілдерінен «1001 түн» мен басқа да туындылардың әңгімелері мен хикаяттарының барлығы дау тудырмайды.6 Бәлкім, Пети де ля Круа өзінің ауысып алуын араб, парсы және түркі ертегілік репертуарларынан жасаған шығар.

ХІХ ғасырдың бірінші ширегінде «Мың бір күнді» Лесаж (Rapilly басылымында) Галлан, Шавис пен Казотт, Кардонн және басқалардан алынған шығыс ертегілерінің элементтерімен айтарлықтай дәрежеде толықтырды. Осыған енген ертегілердің ішінде кезінде XVIII ғасырда араб тілінен Кардонн жасаған ертегілер өз отанында ұмыт болудан аман сақталынып, оқырмандардың басым көпшілігі оның шығу тегінің бертінректе екендігін білмесе де,  «Мың бір күн» арқылы үлкен танымалдыққа ие болды. Кардонның бір аудармасының бірін украин тіліне И. Франка7 шығыстық бояуын сақтай отырып, өлеңмен «Абу-Касимови капци» атауымен  тәржімалап, 1885 жылы Львовта шығарды, осы басылым екі рет қайыра басылды, оның бірі – 1900 жылғы Черкаста шыққаны.

А. Крымскийдің айтпақ болғаны осы.

Сонымен, «1001 күннің» бірінші басылымы дегеніміз Пети де ля Круа  өзінің Парижінде арабтардың атынан шығарған  немесе шын мәнісінде кездейсоқ шығыстық сюжеттерді XVIII ғасырдағы француз фантазиясының аясында бояуын қанықтырып тауыс қауырсынымен жазып шыққан мистификация. Иә, келесі орын алған осы туынды басылымындағы қисапсыз толықтырулар да өзінің нақтылығымен сенімнің ноқтасын бізге ұстатпайды.

«1001 түн» де тап осындай дүние емес пе? Жалған тәржіманың бағы аспандай асқан кезде ғана барып, оның «түпнұсқаларының» кенеттен табыла кетуі де қашып құтылмайтын  табыс әкелетін алаяқтық болып шықпай ма!?  Апокрифтік туындыны әуелгі ілкі тіліне аударып, оны мейманасы асқан бай әуесқойдың немесе байлыққа белшесінен батқан мекеменің назарына ұсынып қомақты ақшаны қалтаға басудың өзі неге тұрады.

Тап осы ішті тырнайтын сауал «1001 түнді» талдаған кезде туындайды: бәлкім, не арабтардың, не парсылардың «1001 түн» түсіне де кірмей, олар турасында бірінші рет (түркі мұрасын өзге бұйыртуға талпынған – Ә.Ә.Ә.) еуропалықтар (Мысырдағы копт шіркеулерінің мұрасын ақтаруға қол жеткізген изеуиттерден) естіп білген шығар?

Галланның 1707-1717 жылдардағы мазмұндап беруінен кейін тұп-тура 100 жыл өткен соң ғана барып, XIX ғасырдағы «1001 түннің» арабтық түпнұсқасын іздеушілер өз ашылымдарын жасай бастады. Ал, олар өз кезегінде Еуропада атақ даңққа бөленді. 1789-1793 жылы Женевада француз тілінде «Перизат бөлмесі» (Cabinet des fees) атауымен 41 том басылып шығып, оның соңғы төрт томы Галлан мәнерімен жазылған жаңа әңгімелерден түзіліп, Еуропалық оқырмандар қол-аяғын жерге тигізбей оқыды. Одан кейін 1806 жылы Кассэн де Персеваль жаңа әңгімелер қосылған «Галланды әңгімелеп беруді» шығарса, оның ізін ала Готье (Gauttier) өзі жасаған оданда қомақты жаңа әңгімелік толықтыруларымен  өз жарияланымын жұртқа ұсынды.

Осылайша, XIX ғасырдың басында Еуропада аудармалар арқылы Шехерезада ертегілерінің атағы жер жарғанымен, ешбір жерде оның арабтық түпнұсқасы жұрт назарына ілікпеді …

Ақыр соңында осы бір бетімен кетушілікті доғаратын мезетте керек болды-ау! Жердің жарығына түсіп кетсе де, Еуропадағы атағы жер жарған бірақ өз отанында ешбір пенде білмейтін «Мың да бір түннің» түпнұсқасын табу қажеттілігі туындады. Дүрліге іздестіру басталды. Шырғалаң оқиғаны іздеушілер шығыстанушы ғалымдардың ізін ала Шығысқа, Персияға, Үндістанға шұбай ағылды. Және де осылайша ХІХ ғасырдың бірінші ширегінде бірінен кейін бірі «түпнұсқалар» табыла бастады. Бірінің ізін бірі ала жеті бірдей арабтық тұпнұсқа жария болды.

Олардың бірін Жер Орта теңізінің жағалауындағы сириялық портты қала Бейруттан иезуит әкейлер тауып, 4 том болып жарық көріп басылып шықты. Келесі біреусі біршама толығы Шығыстың тағы бір қиырындағы Батыс Үндістанның Үнді мұхиты жағалауындағы портты қаласы Бомбейден  табылып,  ағылшындар да сол жерде 4 томдықты шығарып үлгерді. Бірінші бөліктің тең жарымы ғана қамтыған үшінші қолжазба енді Шығыс Үндістанның Брамапутра жағалауындағы Калькуттадан табылып, 1814-1818 жылдар аралығында қос том болып жарық көрді.  Төртінші әрі бәрінен де толығы қайдан әкелінгені белгісіз әйтеуір Алманияға жеткізіліп, Бреславл Габихт 1825-1843 жж. аралығында 12 томдық қылып елге танытты. Бесіншісі тағыда сол Үндістанның Калькуттасынан табылып, сондағы Macnagthene-де  1830-1842 жылдары 4 том болып шықты. Алтыншысы Каирдегі Ніл өзені жағасынан табылып, сол жақта 1835 жылы 2 том болып басылса, оның сиясы кеппей жатып, тағы сол Каирде тағы бір қолжазба табылып, оны Ezbékieh жарыққа шығарды.

Әнімелер тізбегінің басты қаһарманы Гарун-ар-Рашид өмір сүрген Бағдаттың өзінен сондай-ақ, әңгіме ауаны көбісіне ауып отыратын Басырада сонымен бірге, ертегі кейіпкерлері өріп жүретін месопотам мен парсы қалаларының бірде бірінен ашылым жасалған жоқ, Пах, шіркін! Жұрттың бәрі битін сығып, барын салса да «Мың және бір түннің» тұпнұсқасы емге табылмады (оның себебі бұл жерлерде иезуит әкейлердің билігі еш жүрмейтін – Ә.Ә.Ә.). Иә, шығыс елдерінің әр түпкірінен барша табылған жеті бірдей түпнұсқа көптеген тұстары бір ғана қолжазбадан табылғандығын танытып тұрады (Қытайға тарихын жазып берген әулие әкейлер Копт және Үнді храмдарынан әрі Қытайдағы Будда ғибадатханаларынан тапқан біздің бабаларымыздың асыл мұраларының бірінен жасаған аудармаларын осылайша арабтандырып үлгерді).

Осындай мәдениет тарихында орын алған шырғалаң жолмен ақыр соңында парсылар, түріктер, арабтар мен мысырлықтар Еуропаны ондағы елдердің басты тілдеріндегі жалған аудармалар арқылы дүрліктірген өздерінің ұлы туындысымен осылайша таныса алды.

Бір түсініктісі батыстағы ашық-шашықтықты араб тілі мен тірлігі көтермейтін болған соң, Галланның ілкі баяндаулары мен оған жасалған барша еуропалық толықтырулар жаңа табылған қолжазбалар негізінде мықтап өзгеріске ұшыратуды талап етті. Осылайша,  1839-1840 жылдары Гот кітапханасында қайдан келгені белгісіз әйтеуір жаңадан пайда болған жаңа арабтық қолжазбамен салыстыра отырып, Бреслав және Булактық басылымдар негізінде Штутгарта Вейл жасаған немісше аударма оқырманға жол тартты. Сонымен бір мезетте, 1839-1840 жылдары Булактық ең үздік те, таңдамалы әңгімелері енген әрі көптеген ғылыми ескерпелер жасалған үш томдық алғашқы ағылшындық Леннің8 тәржімалауындағы үш томдықтан кейін, басқада ағылшынша аудармалар бірінен кейін бірі пайда бола бастады.

ХІХ ғасырдың аяғында ақырында түрлі ескерпелерден аяқ алып жүре алмайтын ғылыми басылымдардың да күні туды. Қашанда азиялық қолжазбалардың даңғаза ашылымдарымен болатын жасындай жарқылдауды неміс докторы Шпренгер немесе итальяндық «иезуит әкейлер» тарапынан бірінші қолжазбаның табылуынан кейін орын алып, оқиға сюжеті болып өткен орындарға қатысы жоқ, әрі бір-бірінен өте шалғай жатқан жерлерден бірнеше көшірме табылған соң, ары қарай аталған туындыға қатысты жоғалған дүниенің қайтадан табылуы пышақ кескендей тыйылып қала берді. Ғалымдағы бұған қарама-қарсылық геологтардың бөркін аспанға атқызып, әрбір ондаған жыл сайын жойылып кеткен жануарлардың қаңқалары табылып жатады, ал, азия жазуының  ең сенсациялық ғажайыбын филологтар баспа жүзін баяғыда бір көргенінен кейін емге таба алмай отыр…

ХІХ ғасырдың басындағы әңгіме кейіпкерлері алшаң басқан ертегі қала Бағдаттан жырақтағы қиыр түпкірлердегі алақұйындатқан алғашқы ашылымдардың арынынан кейін араб қолжазбалары арасынан «Мың да бір түніміз де» қайыра табылмай байыз тауып қалды.

Осы тақырыпты зерделеуге тұп-тұтас 33 жыл ғұмырын арнаған Сэр Ричард Бертон9 1836 жыл өзінің 16 томдық еңбегінің 6 томы толықтыруларға арналған «1001 түн» жайындағы ғылыми еңбегін шығарарда Үндістандағы 1830-1842  жылдар аралығында жарық көрген  Калькутталық  Macnagthene мәтінін ең үздік туынды деп санайды.

Тап осыны 1890 жылы шыққан 24 томдық Макса Геннингтің ғылыми аудармасы турасында айтуымызға болады, көп ертекті болып табылатын 16 том болып шыққан д-р Мурдрустың француздық аудармасы онда ол Булак басылымын басшылыққа алады. Оның ашылғанына 60 жыл толғанына қарамастан мен жоғарыда сөз етіп кеткен ХІХ ғасырдағы табылған жеті қолжазбаларға қатысты толықтырулар жасап, бірнеше жаңадан табылған ертегілерді қосақтайды.

«Бұл аудармалар «мың бір түндік» барлық белгілі болған әңгімелік материалдардың баршасын бір жерге жинауға тырысқан талпыныс болып табылады».10 дейді бізге.

Осылайша 1901 жылы бұдан 200 жыл бұрын 1704 жылы Галлан «бейкүнәлікпен» қолға алған «Мың бір түннің» фантастикалық әңгімелерінің жалған араби «ғылыми» кітапханасы аяқталды.

Бұл арада біз оның тарихының қаншалықты екендігін айқын пайымдай аламыз.

Баспа станогі XVII ғасырдың аяғында Батыс Еуропада кітап таралымын көбейтіп қана қойған жоқ, оны жұрттың бәрінің қолы жетімді де ете білді. Шығыстық тақырып сауатты жұртты өзіне тартты...

Н.Морозов шығыс тақырыбына қатысты Шығыс Еуропадағы жалғандықты былайша мысалмен береді:

АРФАКСАД.

Халдей хикаяты.

Козловск сарайындағы басылым

Ақша шығарған баспагер

Петр Захарьин

Мәскеу

Университет типографиясы

1792 ж.

Одан әрі өзін қарапайым баспагермін деп атаған  автор Петр Захарьин «ілкітүсіндірмесінде» бұл әңгіме халдей тілінде 400 мыс тақтайшаға жазылып, көне Александрия кітапханасында сақталынғантын. «Бәдуиндер» оны өртке ораған кезде Абдул-Өмір деген жас жігіт тақшаларды аман алып қалып, оны бір әулие дәруіш араб тіліне аударған екен. Одан соң, осы тәржіма араб тілінен татар тіліне аударылып, татар текті әкесі қолжазбаны орыс тіліне аударып, өз ұлы  Петр Захарьинге аманттап...»

Оқырмандарға белгілі болғанындай, бірден жолға шығып, көне роман «Арфаксадтың» түпнұсқасын іздеу үшін Халдейлерге жол тартқың келіп кетеді.

Арфаксад арасында күндей жарқырайтын,  Тигр мен Евфрат және Азия Атланты (зерттеушілер зерделей келе, Эльбрус болып шыға келетін георграфиялық атау) сөз етілетін осы бір ұшы қиырсыз фантастикалық әңгімелеуді сағызша созбай, түйіндей айтатын болсам, бас кейіпкер қиындықты көресіндей-ақ көріп, ақырында әкесінің тағына отрады. Маған бұл үзіндінің қажет болып отырғаны оның Галланнның «Мың бір түндік» жалған аудармасына айна-қатесіз ұқсастығы.

Егерде сіздің не үнділік «Вед» пен «Магабгараттан», не парсылық «Шах-Намадан» хабарыңыз болса, онда осындай Фукидидшілдік (көне ғасыр тарихшысының атынан шыққан: көшіріп жазушылық – Ә.Ә.Ә.) ғадетке басқан Петр Захарьин де бұл халдейлік романды не өзі шығарғанын не  XVIII ғасырдағы француз туындысынан плагиат жасағанын сезінер едіңіз, әрі оның сатылымының жақсы болуы үшін өз атынан аулақтатып, халдейлік аударманың жалына жабысып отыр.

Бұл орайда сіздің күмәніңіз расқа шығып, мистификацияның себебі айқындалып шыға келер еді.

Морозов өзі білмесе де Ақ Тұрандық түркі мұрасының («Шығыстық ғажайыптардың») жасанды орыс тілінде** Франциядағы сияқты Ресейде қалай орын алғандығын «Арфаксад» хикаяты арқылы дәлдеп береді. Іске ханшайым Екатерина II (1761—1796) араласып, оның түркілік нұсқасын Эрмитажға әкелуге аудармашы Петр Захарьиннен талап етеді. Ол өзім ойдан шығарып едім деп патшайым алдында ақталады ( П.З. қасақана түркілік нұсқаны жойып жібереді)...

Осы Арфаксад ақырында түркі ертегілерінің Ақ Тұранда сақталған барша қоспасымен 18 кітапқа айналып, ендігі жерде татар тілінен аударма емес, «П.З. ресейлік туындысына» айналып шыға келеді (Осы кітапты қазақ тіліне аударатын жан табылса, жақсы болар еді – бабалар әдеби ертегісімен қайыра табысатын – Ә.Ә.Ә.).

П.З.:  «Мейманаңның асуы мен ақылмандылықтың тасуын ұғынбайтын біте мен тышқанның сайрандауынан кейін татар қолжазбасынан тек қиқым мен шаң ғана қалды» (Славяндық бітелік сана мен тышқандық пейіл мәдени-рухани сандығымыздағы түркілік мұраны әлі күнге кеміріп, күйелеуде – Ә.Ә.Ә.).

Менің оқырманым нағыз қолжазбалардың тап осындай жолмен көздері қалай жойылғанын тарихнамалық зерттеуімінің бұған дейінгі томдарынан жақсы біледі, өйткені, бұл барша классикалық көне туындылардың басына түскен ортақ тағдыр, ал, «шығыс әдебиетіне» келсек, осы бір ғажайыпты ашушылардың бәрі өз манускриптерінің көнелігін екі-үш жүз жылдықпен шектеуге дәттері бармайды.

Петр Захарьиннің «Халдейлік» хикаяты әуел баста оның әкесінің жасаған тәржімасы деп ұсынылды, ол болса татар тілін білмейтін (соқ өтірікті)... әсем мәнерлі орыс тілі  XVIII ғасырда (түркі тілін алмастырып)  нағыз орыстық Пушкин, Лермонтов, Гогольдің алындағы түркіден арылып, бірыңғай жасанды орыс тіліне** қарай славяндану дәуірін тудырды. Кітап Ресейде де қол жетімді бола түсті. Батыста Еуропада түріксіздену одан жүз тіпті екі жүз жыл бұрын басталған болатын. Бұдан әдеби шығармашылық тыс қалмады...

...Петр Захарьин мен Галлан туындыларының тағдыры әртүрлі.

 ... Сенсациялық апокрифімен жұртты өзіне қаратқан автор түркілік бастау көзден бас тартып, өз авторлығым деген мойындауын жасау арқылы жоғары шенділердің және олардың арасындағы кітапқұмарлардың назарын өзіне бірден аударды. Ол бұрынғы пікірінен бас тартып, енді өзін шығарма авторы санағанынан кейін университет оның туындыларының жалғасын басудан бас тартты да, автор жеке баспагерді тапты. «Арфаксадтің» алты томының ақырғысы 1796 жылы Екатерина II дүние салуымен тұспа-тұс келді.

Ал, Галланның тағдыры басқаша болды. Оның дәуірінде Францияда әлі жас сәби Людовик XV  герцог Орлеанскийдің регенттігімен билік құрды, шынайы қолжазбаларды іздестірумен тек жеке тұлғалар ғана айналысатын. Егерде олар француздық аудармада жеке баспадан шыққан «халдейлік» немесе басқада тілден жасалған тәржіма емес, жеке автордікі екенін сезе қалғанның өзінде  жалған аудармашыдан онысын мойындауды талап ете алмайтын, әрі шармақшылар жорығынан бастап, ғажайып оқиғалардың шығыста орын алатындығы саналарына мықтап сіңіскентін. Араб туындыларына жаппай бет қоя бір кездердегі латынан жасалған жалған аудармалармаларды еске түсіреді. Бір қатар таяудағы латындық туындылардың мысалдарын алға тарсақ, 1481 жылдың төңірегінде флорентиялық  Марчелино Фичино Платоннан11,  Альмагестің Птоломейден жасаған жалған аудармасының түпнұсқасын XVI ғасырдың алғашқы жылдары Георгий Трапезундский12 бауырына басты, не болмаса, Тацит жылнамаларының жалған аударамасының тұпнұсқасын 1427 қарсаңында Поджио Браччиолини13 жазып шықса, Иосиф Флавийдің шын мәнісіндегі түпнұсқа туындысы 1506 маңындағы Самуил Шелламның14 қаламынан шыққан жалған аудармалық дүние болып табылады.

Қай кезде, қай жерде болмасын, жалған аударма өмірге келе қалған сәттен бастап, атақ-даңққа, мол сый-сияпатқа қол жеткізу жолындағы оның түпнұсқасын іздеудің дүрбелеңі басталады да, қашанда осындай сәтті асыға күткен заманы түлкі болса, тазы болып шалатын алымды алаяқтар оны туындының төл тіліне кейде өрескел қателерге жол бере отырып аударып шығады да, оны түпнұсқа ретінде беттері шылп етпей жұртшылық назарына ұсынады.

Даңқы жер жарған «Мың және бір түннің» арабтық түпнұсқаларын іздеу науқаны өзінің Парижінен аттап ешқайда шықпаған Галанның шығармашылық қиялын шарықтатып, XVI ғасырдың басындағы шашылып әр жинақта жүрген ертегілердің басын қосып бір арнаға жүйелеген түпнұсқалық нұсқасы негізінде әлдебір ақша санаған бақай есеп жан Қасиетті Құран Кәрімнің тіліне мұсылмандық ұстанымды ескеріп, батыстық бейбастақтықпен былықтырған жерлерін алып тастап, оның орнына Шығысқа кең тараған көптеген ертегілерді кірістіріп аударып шықты да, нәтижесінде туынды мазмұны бірде идеалистік, енді бірде юморлық, кейде ғибараттық, кейде астамшыл, проза мен поэзия астасқан оқиғаның өту барысы еш реалды еместіктің нышан-белгісін сомдап шыққан. Бұндағы Бағдат та, Каир де таза ертегілік шәрі, кейіпкерлерінің мінез-құлқы мұсылман еркек пен әйелге қарағанда XVIII ғасырдағы француз сылқым серісі мен тәйтік бикешінің мінез-құлқын еске салып, Иран мен Ирактың мұсылман қауымының ауызынан еруропалықтар ұғымындағы сөздер тізбегі сыртқа лықсиды.

Қатысушы кейіпкерлерінің аты-жөні де — Юнан, Руян, Синдбад, Гуль, Зобейда, Амина, Нур-Элдин, Бадр-Эддин, Будур-Зумурур ханшайым — француздың құлағына арнап айтылған сықылды көрініп тұрады... «Мың және бір түнде» шығыс елдерінде жиі қолданылатын ДЖ, Ч, КХ, сынды қосарлар ұшыраспауы былай тұрсын, көптеген кісі аттарынң мән-мағынасын арабқа да, парсыға да құлағынан сүйреп жанастыра алмайсың, олар бар болғаны тек қана кісі аттарын таныту үшін қолданылған әдемі дыбыстардың үйлесімі ғана...

Осылайша, біздің уақытымызда еуропаның барлық әдеби тіліне түгел дерлік аударылған, қазірде аударылып жатқан  XV ғасырдағы араб әдебиетінің түпнұсқа туындысы деп жүргеніміз XVIII ғасырда француз топырағында дүниеге келіп, өзінің Құран Кәрім  тілінде сөйлеуі XIX ғасырдағы жеті түрлі еркін аудармасы негізіндегі мүмкін болған қазіргі «Мың бір түніміз».

Мен, әлбетте, осы жинаққа кейінен шығыстық эпостардан осы ділдегілерге тән көптеген ертегілердің кіргендігін жоққа шығармаймын, бірақ та олар кейінгі  XVIII немесе XIX жүз жылдықтардағы шығыс әдебиетінің жәдігерін іздеушілер тарапынан Үнді, Мысыр, Оңтүстік-Шығыс Азияның шаңды жолдары мен шулы базарларынан жиналып алынып, осы жинаққа үстемеленіп енгізілгендер.

Не араб, не парсы ұлттық әдебиетінде ешқандай «Мың бір түн» болған емес. Бұл жинақты француздар өмірге әкелді, оның әдеби бағының асуына аса дарындылықтан құр алақан емес жандар (Галлан сияқты) шығармашылықпен тер төкті. Одан кейін француздар салған соқпақтың даңғыл жолға айналуына еуропаның өзге елдерінің шығармашылыққа бейім өкілдері Галландық кесте бойынша мұсылмандықпен еш үйлеспейтін саяхаттау кезінде көрген білгендерін ертегілер бойына жапсырмалады. Араб тіліне аударылған кезде ілкі Галландық композициядағы бейбастақтық не өзгеріске ұшыратылып, не болмаса мипаздай жұмсартылып беріліп отырды. Және де ақыр соңында XIX ғасырдың басында араб тіліндегі толық аудармасы өмірге келді, оны тәржімалаушылар  барлық жерден іздестіріліп жүрген түпнұсқа деп атады… Оның табысқа жетуі бірнеше еліктеушілікті тудырып, жаңа көшірілім бойынша кейбір өзгертулер мен толықтырулар енгізілген Бейруттық басылым тез жұрт арасына тарап кетті. «Мың бір түн» турасында сыни әдебиет жетіп артылады... Әрі бұның бәрі арабтарда емес, Батыс Еуропада.

Оның нағыз отаныда осы туындыға қалай қарайтындарын А. Крымскийдің15 мына жолдарын бағжайлаған кезде аңғара түсеміз.

«Шығыста «1001 түнге» кітапшылар да, әдебиетшілер де (егер өз ойымызды осылайша түйіндейтін болсақ), тіпті «шығыс зиялылары» да асқан сақтықпен қарайды». Х ғасырдың (яғни, Х ғасырға қатысты жайтардың) маман-ғұмырнамашысы Надим (Абул-Фарадж Мохаммед ибн Исхак Ан-Надим бағдадтық әдебиетші «Китаб әл-фихристтің» авторы – Ә.Ә.Ә. Бірақ бәріне Атилла араласып жүретін түркі тіліндегі ертегілер жинағы болған ол Ан-Надмиге ұнамаған, Галландық нұсқадағы біз білетін «1001 түн» емес, асқан сақтықпен қараудың астарында көп нәрсе жатыр) «Мың түнді» бірнеше рет ой сүзгісінен өткізген жан «щұбылаңқы және мезі ететін» мәнерде жазылған деп мұрындарын шүйреді, әлі күнге дейін осы секілді ғалымдардың пікірі еш өзгерген емес.16

А Крымский бұны Галлан және де басқа да еуропалық авторлардың өз отандастарының талғамының ығына жығылуына қатысты емес,  шығыс адамдарының, оның ішінде зиялыларының «астары тілінің» көрініс таппауымен ұғындырады (демек, «1001 түннің» тілі шығыстық емес). Ал, Шығыстың діндарлары болса, өз кезегінде еуропалық салт-дәстүрді ұстанушы кейіпкерлер суреттелген «1001 түнді» оқыған адам не өліп қалады, не бір жылдың ішінде тағдыр тауқыметін тартады деген наным-сенімде, ал, балаларға ондағы ертекті әңгімелеп айтып бергендердің шашы түсіп төбел тазаға айналу қауіпі төнеді».

«Тағы бір айта кетерлігі «1001 түнді» шығыстық мәсіхшілерде құп көрмейді, — деп сөзін жалғайды А. Крымский, — Бейруттегі  Мар-Н’ул шіркеуінің әулие әкейі  Думаний мені осы кітапты оқып отырған шағымда үстімнен түсіп, жеккөрушілікпен таңқалып, басын шайқағаны  әлі күнге дейін есімнен шықпайды…»

«Бұл жерде тағы бір айтпаса мәні кететін дүние еуропа шығыстануының аташасы (патриархы)  де-Сасидің   «1001 түн» жайлы пікірі аса жоғары болмағандығы, өйткені, де-Саси өзінің әдеби талғамы жағынан арабтың таза шейх ғұламасы болатын... осы кітаптың кейіпкерлері  (Гарун-аль-Рашид, теңізші Синдбад Аладдин және т.б.) еуропалықтар арасында Шекспирдің даңқты  трагедияларынан да артық танымал».

Еуропалықтардың талғамының үдесінен шыққан авторлар азиялықтардың бабын таба алмады.

...Синбад-теңізші шығыстық емес, орта ғасырлық еуропалық саяхаттар туралы жазбаларды еске салады17...

... «мың бір түнді» оқыған шақта еуропалықтар таңдай қағатын «шығыстық нақыштың» шын мәнісінде шығысқа еш қатысы да жоқ..

XVIII ғасырдың басындағы «Мың бір түннің» бастапқы ертегілері париждік нақышқа ие.

А. Крымский18 «...Галлан өз кітабын Людовик XIV сарайындағылардың талғамына арнап жазды, біздің көзқарасымыз бойынша оны француз тілінен арабшаға аударғандар ондағы француздық әтірдің аңқуын, шығыстың хош иісімен еш алмастыра алмайды..».

«Казотт пен Шавис, — дейді ары қарай А. Крымский, —Галланның мәнеріне еліктеп (1788 және 1792 жж. аралығында «1001 түннің жалғасын»19  шығарды). Ол ертегілерде Галлан жоқ, оның орнын олардың өздік фантазиялары басты».

Менің осы арада өз жанымнан қосарым  өзінің «Le diable amourens» романымен жұртқа мәлім Казотт (Cazotte) сонымен бірге Вольтердің атынан оның «La guerre de Géneve» поэмасының жетінші әнін шығарып, оқыраман қауымға  мистификацияны сыйға тартты…

XIX ғасырға дейінгі жарық көрген барша «Мың бір түннен» Париждің «жергілікті бет-бейнесі» сезіліп тұрады. Не  Париждік өнім... не болмаса, оны Галлан, Казотт және Шавис қосқан нышан-белігісінен айырып, шығыстық сипат беру керек болды».

XIX ғасырдың шығыстанушылары осы соңғы жолға түсуді қалады. «XIX ғасырда  — деп сөзін жалғастырады А. Крымский, — «1001 түнге» ғылыми көзқарас туындап,  Галла мен Казоттардың әңгімелеуі (дұрысында — мәтіндері) бұл ыңғайда жарамсыз болып қалды. Жаңа басылымдарда (мысалға Коссен де Персеваль, Хаммер және т.б.) Галлан мәтініне түзетулер мен қосымшалар енгізіліп, одан кейін оны немістің Вейлдік және ағылшындық Лан, Бертон және басқалардың, ал, Францияда булак мәтінінен (ең оңтайлы шығыс мәнеріне бейімделе) тәржімаланған Мардрюстің (J. B. Mardrus) ғылыми қолданыстағы дәлді аудармалары ығыстырып шығарды».

Осылайша Шығыстың еркін аудармадасындағы француз өнімі шын мәнісінде шығыстық өніммен құдандаласты. Одан өзіне қажетісін бойына сіңіріп, Еуропаға қайтып оралды.

*Пандавтар мен Кауравтар арасындағы соғысқа арқау болған «Махабхаратада» кірістірме әңгімелердің бірі нишадтық Налға (Алпамысқа) арналады. Ал бұл кейіпкер оған дейін  «Шапатхабрахманада» — ұшырасса, оның сілемі «Рамаянада» да кездеседі. Нал тап Алпамыс сияқты түр өзгерісіне түсетіні  оны көне грктік қаһарман  Одиссейге,  Дамаянти оның жары Пенелопаға келіңкірейді. Морозов осы кітаптың 3 бөлімінің VII тарауын Нал мен Дамаянтиге арнайды. Осы оқиғаны әуелі   1819 жылы немістің романтик ақыны Риккерт поэмаға айналдырса, 1839 жылы осы поэманың негізінде орыс ақыны В. А. Жуковский «Наль және Дамаянти» поэмасын жазып шықты.

** А. Железный былай дейді («Игорь жасағы туралы жаңаша сөз, дәстүрлі емес көзқарас//Новое слова о полку Игореве нетрадиционный взгляд»): «Бұл арада менің көзқарасыма жақын келетін пікірі бар ол Солтүстік Рустің қарым-қатынас тілі бұлғар тілі (көне бұлғалық тюркù) болды, өйткені, бұл аймақ бұрындары Ұлы Бұлғарияға қараған еді.

Бұған дәлел Новгорд аудандары «концы» (түркінің қоныс сөзінен шыққан) терминімен аталды. Егер де Новгород тұрғындары славян тілді болса, неге өз қаларының аудандарын түркі сөзімен атауына не мәжбүр етті? Өйткені, тұркі тілінің оларға жат болмағаны ғой?

Шоқындырған соң, әлдебір түсініксіз тілде орыс адамдарын славян тілін меңгеруге мәжбүрледі.

Екі ғасыр бойы түрік тілі жаңа тілге орын бостақысы келмеді.... Тек XII ғасырда Владимир Мономах Киевтегі бұлғар мұрасын талқандап,

... орыс жылнмаларын қолдан жасады». [«Джагфар тарихи», Оренбург, 1994. Т. III, с. 164.]

Бұдан былай тек кирилдік хатты қолданып, көне бұлғар тілінде сөйлеуге мәжбүрледі.

Бүкіл халықты зорлықпен түркі тілінен славян тілін оқуға мәжбүр ету етек алды. Мәжбүрлеп славяндандыруда Орыс кінәздары Дунай Бұлғариясының тәжірибесін айна-қатесіз қайталады. Онда IX ғасырдың екінші жартысында бұлғар патшасы Барысты (Бористі) жергілікті славяндар қолдағаннан кейін бұрын бұлғар тілі басымдықтағы қос тілді болып келген ел бір жола славян тіліне басымдық берді.

Солай десек те, Бұлғария мен Рустің славяндандыру процесінде елеулі айырмашылық бар. Бұлғарияда жергілікті тұрғындар славян болғандықтан славян тілі бірден енгізілсе, Рустің тұрғындары түркі тілді болғандықтан славян тілін енгізу аттай екі ғасырға созылды. Владимир Мономахтың реформасына дейін-ақ, Русте түркі-славян суржигі (дүбәрә тілі) пайда болған еді». Осы суржиктен кейін жасанды орыс тілі пайда болды.

1 Les 1001 nuits traduits par Galland 1707—1717.

2 См., например, предисловие к I тому «Тысячи и одной ночи» в русском переводе. Изд. 1902 г, стр. 9

3 Les miller et un jour. Contes persans traduits en francois par Pétis de la Croix, doein des secretaries interprètes du roy, lecteur et professeur au college royala Paris 1710—1712.

4 Труды по востоковедению, издаваемые Лазаревским Институтом Восточных языков. Выпуск VIII.

5 Перечень их у Шовена в Bibliographie arabe, IV, стр. 126.

6 Оглавление сказок «1001 дня» можно найти у Шовена в Bibliographie arabe, т. IV, стр. 219—221, а краткое изложение каждой сказки, с богатейшим указанием восточных литературных и фольклорных параллелей — в V—VII томах под теми номерами, которые в IV томе на стр. 219—221 поставлены слева при заглавии каждой сказки.

7 Она в обыкновенном прозаическом переводе известна и на русском языке: «Старые бабуши Абу-Кассема» — Сын отечества, 1850, т. 3, кн. 5, стр. 44—48. Генеалогию этой сказки см. у В. Шовена в Bibliographie arabe, т. VI, № 283, стр. 129. По-арабски, кроме отмеченного Шовеном Йон-Хыжже, она есть и в северно-сирийском сборнике начала XVIII века: изд. В Бейруте, 1877, где герой назван Абу-Солейманом Татарским.

8 Lane: New translation of the tales of a thousand and one night.

9 Sir R. Burton. The book of the thousand nights and one night.

10 Предисловие к русскому переводу 1902 г., сделанному по переводу Маррус.

11 Христос, книга I, ч.1, гл.1 и книга III, пролог, конец главы IV.

12 Христос, кн. IV, часть 1, гл. 4.

13 Христос, кн. V, ч. IV, гл.1.

14 Христос, кн. I, часть 1,гл.1.

15 Труды по востоковедению, издаваемые Лазаревским институтом восточных языков. Выпуск VII, стр. VIII.

16 Artin Pacha: Contes populaires de la vallée du Nil 15, 16 (Chauris Bibliographic arabe,IV, стр.9.

 17 Труды по востоковедению, издаваемые Лазаревским  институтом восточных языков. Выпуск VIII, Стр. ХХХV, примечание второе.

18 Труды по востоковедению, издаваемые Лазаревским институтом восточных языков. Выпуск VIII.

19 “La sųite de 1001 nuits” – в Женевской сказочной коллекции “Le cabinet des fees” (1788—1789).

Әбіл-Серік Әбілқасымұлы, әдебиеттанушы-ғалым

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2060