Жексенбі, 24 Қараша 2024
Билік 7591 0 пікір 6 Маусым, 2016 сағат 14:02

ТӨЛЕШОВ ТӨҢКЕРІС ЖАСАМАҚ БОЛҒАН БА?

Ақтөбедегі терактіні және еліміздегі  халықтық толқуларды ұйымдастырушы Тоқтар Төлешев болуы бек мүмкін, - деп хабарлайды informburo.kz сайты.

Қазақстанның Бас прокуратурасы Ақтөбедегі терактіге қатысты пікір білдіріп, ұйымдастырушы азамат ретінде шымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешевті атапты.

«Төлешев мырза, наразылық акцияларын ұйымдастыру арқылы  билікті күшпен басып алуға бағытталған шараға қатысы бар екендігі анықталыпты. Сондай-ақ, ол альтернативті билік құруға әрекеттенген», - деп мәлімдеді ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің өкілі Руслан Карасев ҚР Бас прокуратурасында өткен брифингте.

Тергеу органдарының мәліметтеріне және Карасев мырзаның мәлімдемесіне сүйенсек, кәсіпкер Тоқтар Төлешев елде Заңмен рұқсат етілмеген митингтер ұйымдастыру және оларды қаржыландыру арқылы қазіргі мемлекеттік басқару жүйесіне өзгеріс жасамақ болыпты. Болжамдар бойынша  Төлешев билікті басып алу операциясын 2015 жылдың желтоқсанында жүзеге асырмақ болған екен. Алайда  кәсіпкердің тұтқындалуына байланысты бұл жоспары мамыр айына дейін шегерілген. Сондай-ақ, қамаудағы Төлешев Сарыағаш қаласында да жаппай тәртіпсіздік және төңкеріс жасамақ болыпты.

Осыған орай, Алматы және Астана қалаларында Төлешевтің жақтастары ұсталған. Олардың қатарында жергілікті басқару құрылымдарында, лауазымды қызметтердегі азаматтар да бар болып шықты. Сонымен қатар, Төлешевпен бірге билікті басып алмаққа әрекеттенді деген күдікке ҚР Конституциялық кеңесінің экс-мүшесі Ілияс Бақтыбаев та ілігіп, қазір тұтқындалған.

Түйін:

Соңғы 3 ай шегінде Үкіметтің жерді сату және шетелдіктерге ұзақ мерзімге жалға беру туралы бастамасына жұрт наразылық танытып, бейбіт шерулерге шықты. Қазақстанның «құқық қорғау» органдары халықтың демократиялық құқығын жаншып-таптап, алаңға шыққандардың кейбіреулерін әкімшілік жазаға тартты. Айыппұл салды, бірнеше тәулікке қамады. Осы кезде еліміздегі дезинформациялық саясатты ұстанатын кейбір БАҚ белсенділердің артында белгісіз бір «бесінші колонна» тұр деп шыр-пыр болды. "Жер сатуға наразылық танытқандар әлдекімдерден ақша алыпты" дегенді де естідік, «бұлтартпас дәлелді» көрдік. Үкімет бейбіт шеруге шыққан халықтан «терроршы» іздеп жүргенде, Ақтөбеде атыс болды. Белгісіз ағымдағы азаматтар теракт жасады. 20 адам зардап шегіп, бірнеше адам қаза тапты. Енді осыған кінәлі кім? Халықтан қылмыскер жасаймын деп шапқылап жүріп, экстримистерді бақылаудан шығарып алған ІІМ ме? Қысқасы, ҚР ІІМ, Бас прокуратурасы еліміздегі орын алған оқиғаларға ортақ кінәліні бірден тауыпты. Ол түрмедегі Тоқтар Төлешев екен.

Кешегі Атыраудағы халықтың демократиялық дәстүрмен өткізген бейбіт шеруге де, 21 мамыр күні алматылық ағайындарды алаңға жинаған да дәл осы Төлешев деп отыр құзырлы органдағылар. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де осы. Төлешев билікті күшпен басым алмақ болыпты.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

 

                                

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5590